Ағаш мешіт

Макажанов Даулет Джумаханович

Туған жері Семей қаласы 03.04.1976 ж.

1982 – 1992 жылдары Орта мектепті оқыды.

1992 – 1994 жылдары Семей мемлекеттік зоотехникалық ветериналық институтында оқыды.

1994 – 1996 жылдары Семей қаласындағы медреседе оқыды.

1998 – 2003 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде экономика және құқық негіздері мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.

2000 – 2002 жылдары Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде сауат ашу курсын оқыды.

2013  жылы Семей қалалық Төлеубекқажы мешітінде 1 айлық курстан өтті.

2014  жылы Семей қалалық Бір мұнаралы ағаш мешітінде наиб имамдық қызмет атқарды.

2014 жылы Имамдардың білімін жетілдіру ислам  институтында 2 айлық курсын толық оқыды.

2017 жылы ҚМДБ ның Бұйрығымен Семей қалалық Бір мұнаралы Ағаш мешітінің бас имам болып тағайындалды.

Үйленген екі баласы бар.

image004(4)Бұл ғибадат үйі 1867 жылы ағаштан салынған. Бұған дәлел 1969 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарып тұрған «Советтік шығыс мұсылмандары» журналында Сәкен хазірет «Семипалаттағы мешіттер» деген мақаласында «Семейдегі бұл мешіт 1968 жылы Семейдің 250 жылдық мерекесінен 100 жыл бұрын салынған», -деп жазған. Осыған қарағанда бұл мешітке 140 жыл толып отыр.

500 адамдық бұл мешіттің мұнарасы – 20 м., күмбезі – 5 м., мешіт іші екі қабат, үш бөлмеден тұрады. Жерінің көлемі – 1188 кв.м. Ғасырдан асқан бұл шежірелі мешіт Семей өңіріндегі тарихи ғимараттардың бірі.

Байланыс телефоны 52-46-43