الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Құрбан айт қабыл болсын мерекелік шара фото

  Семей қаласының Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне арнайы іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты қасиетті мерекені ұлықтау халыққа кең насихаттау.

  Кешке арнайы көп балалы мұқтаж отбасылар мен ата-анасыз қалған балалар шақырылды. Мерекелік бағдарлама үш бөлімнен тұрды. Қонақтар мен шәкірттерге уағыз айтылды. Мешіт ауласында балаларға спорттық ойындар ұйымдастырылып,сыйлықтар таратылды.

  Сонымен қатар мерекелік ақ дастархан жайылып, Қасиетті Құран кәрімнің 30-шы парасы бойынша шәкірттер арасында жарыс өтті. Қонақтарға Пайғамбарымыздың (c.а.с.) хадистері мен  қазақ халқының мақал-мәтелдерінен викториналық сұрақтар қойылып сыйлықтар таратылды. Кеш соңында көп балалы мұқтаж отбасыларға мектепке қажет құралдар мен киімдер сыйлыққа табысьалды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.