الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қоғамдық моншаға баруға бола ма? Ассалаумағалейкум! Қоғамдық моншаға баруға бола ма? Омар

Уағалейкумуссалам! Омар, қоғамдық моншада ер кісілер бір-бірінің әурет жерін көрмейтіндей жабылып жүретін болса, ондай моншада шомылудың ешбір ағаттығы жоқ[1]. Дегенмен, қазіргі кездегі көп моншаларда бұл мәселеге мән берілмей жататындықтан, мүмкін болса, бармаған дұрыс.

Бұл жайында сахаба Жәбир ибн Абдулладан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенсе, дамбалсыз моншаға кірмесін...»[2], – дей отырып, моншада әурет жердің жабық болуына баса назар аударған.

Ер кісілердің әурет жерлеріне Ханафи мәзһабы бойынша кіндік пен тізе аралығы жатады. Кіндіктің өзі әурет боп есептелмейді, ал тізе – әурет[3]. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.у) өзінің бір асыл сөзінде:«...Кіндіктен төмен және тізеден жоғарғы жерге қарамасын»[4], – дей келе, кіндіктің әурет еместігін білдірсе, келесі бір сөзінде: «Тізе әуретке жатады»[5], – деп, тізенің әуретке кіретіндігін баян еткен.

[1] Ибн Абидин, Раддуль Мухтар, «Китабуль Ижәрә»
[2] Тирмизи, Китабуль Әдәб – 2801.
[3] Сарахси, Мәбсут – 10/145 бет; Маусули, Әл-Ихтияр – 1/148-бет.
[4] Әбу Дәуід, Либас – 4114.
[5] Даруқутни – 878.