Құрбандыққа шалынған малдың қай ағзасы желінбейді?

Жалпы, еті адал малдардың мына ағзалары желінбейді: аққан қаны, аталық-аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы, өті.  Өйткені, Алла тағала Құранда:«..Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті»[1], – дей келе, таза азықпен азықтануымызды білдіріп тұр. Ал, жоғарыдағы ағзалар, жалпы алғанда, адам табиғаты ұнамсыз санайтын нәрселер. Сондықтан оларды жеу – харам[2].

Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыздан келген мүрсәл бір хадисте: «Алла Елшісі қойдың мына ағзаларын (харамға жақын) мәкрүһ санайтын: аталық-аналық мүшелерін, дорбасын, бездерін, өтін, қуығын, қанын» делінген[3].

[1] Ағраф – 157 аят.
[2] Бадаиғ –6/272 бет; Ибн Ғабидин, әл-Һадия – 194 бет.Имам Ағзам қанды – харам, ал қалғандары харамға жақын мәкрүһ деген
[3] Байһақи, әс-Сүнәнуль Кубра.