surak

Assalaumagaleikum ua rahmatullahi ua barakatuh.2 rakat sunnet namazi men 2 rakat pariz namazinin airmawiligi nede,kaisisinda tasbih taratilat?


Уағалейкумассалам!
Парыз- анық,бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер.Мәселен дәрет алу,намаз оқу,ораза ұстау,зекет беру.
Сүннет -парызбен ужібтен бөлек,Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) жасаған және “жасаңдар” деген,әрі жасауына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.Сүннет үшке бөлінеді: 1Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет).2 Ғайру мүәккәд сүннет (бекілмеген сүннет).3 Зәуәйд сүннет (артық сүннет).3 Мүәккәд сүннет. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әрдайым жасаған сүннеттері.Таң,Бесін,Ақшам намаздардың сүннеттері тәрізді.Осы сүннеттерді іске асырған сауап алады.Орындамаған адамға жаза берілмесе де, айыпталады.