الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Сұрақ — Жауап

Ассаламуалейкум! Оразаларыныз қабыл болсын! Сіздерге жіберіп отырған сауалды Шакиров Дамирдан сұрақ жіберген соның мәтінін сіздерге жіберіп отырмыз соның жауабын жіберсеңіздер. Алла разы болсын! Ассаламуалейкум! Оразаларыныз қабыл болсын! Сіздерге дұға мәселесінде сұрақ қойғым келіп отыр. Әскерге бару мақсатымен бой өсіріп алғым келіп жүр. «Рухани емшілік» атты кітабында бой өсіруіне септігін тигізетін дұға бар екен. Міне, қазір қалай жазылғанын жазайын. БОЙДЫ ӨСІРУ Егер бойы қысқа адам бойын ұзартқысы келсе, ақ фарфор тәрелкелердің бетіне сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Бисмиллахир рахманир рахим Әлиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин Арраһим Арраһим Арраһим Одан кейін тәрелкенің бірін сумен шайып, сол суды бойын ұзартқысы келген адамға таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз. Бұны 6 ай бойы жасау керек, -дейді. Не деп айтасыздар? Шариғатқа қайшы емес пе? Қайшылығы болмаса ашықтап түсіндіріп жіберсеніздер. Қалай амал жасайын. Сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сия болмаса балмен жазуға бола ма?

Жауап:Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Аминь барлығымыздың оразамыз қабыл болғай! Бұл мәселеге қатысты діни мәтіндерден нақты сенімді дәлел кездестіргеніміз жоқ. Олай болса бұл нәрсені ләж болса істемегеніңіз абзал. Ал оның орнына бойдың өсуіне нақты септігін тигізетін спорт түрлері бар емес пе? Және оған қоса керекті жеміс-жидектер, көкөністер, шөптерді азық қылу керек. Әрі денсаулығыңызға да пайдасы тиеді. Сондай-ақ Алла Тағалаға шүкір етіп, бос нәрсені қойып, себеп қылып, айтылған кеңестерді амалға асырыңыз. Алла Тағала бойыңызбен бірге Алла жайында ойыңыз, Аллаға деген иманыңыздың да артуын нәсіп еткей! 

Духовное Управление Мусульман Казахстана
Отдел шариата и фетв
Тел.: 8 (727) 397 63 84