الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Қасиетті Ережеб айы

Ережеб сөзі — араб тіліндегі «ترجيب» — таржиб, яки ұлықтау мағынасын береді. Және бұл айды  -құю, төгу деп те  атаған. Өйткені бұл айда тәубе етушілерге Аллаһтың рахметі төгіледі. Яки пенде қай жақсы амал қылса Аллаһ оны тезде қабыл етеді. Және айтылған: бұл ай үнсіздік айы  деп. Өйткені бұл айда соғыс қимылдары естілмейді (соғысу тиым салынған айлар)

Және айтылған: Ражаб ол   жаннаттағы бір өзеннің аты деп. Ол өзеннің түсі  сондай -сүттен ақ, балдан тәтті, қардан салқын және одан тек  Ережеп айында ораза ұстағандар ішеді деп айтылған.

Ишара иелері айтқан екен: "Ережеб сөзі (رج ب) үш әріптен  тұрады .  Мұндағы роның мағынасы — Алладан болған рахмет. Джим-  пенденің аса ауыр күнәсі. Бә — Алланың жақсылығы. Яки Алланың айтар сөзіндей: Мен құлымның күнәсін өзімнің рахметім мен жақсылығының арасында қылдым " -дегендей -деп түсіндірме  жасаған.

 Айтылды: Аллаһ Тағала төрт айды көрікті қылды: Зулқағда, Зулхижжа, Мухаррам, Ережеб айларын.

Құранның тәубе сүресінің 36-ыншы аятында:

يَسْأَلُونَكَ عَنِ الشَّهْرِ الْحَرَامِ قِتَالٍ فِيهِ قُلْ قِتَالٌ فِيهِ كَبِيرٌ وَصَدٌّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَكُفْرٌ بِهِ وَالْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَإِخْرَاجُ أَهْلِهِ مِنْهُ أَكْبَرُ عِنْدَ اللَّهِ

 «Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? –  деп сұрайды. Сен оларға бұл айда соғысу – үлкен күнә, – де. Ал адамдарды құдай жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-харамда (ғибадат етуге) тосқауыл болу, ол жерден адамдарды қуып шығару – құдай алдында таудай үлкен күнә.

Бұл аяттың тафсирі жайында:

«Яғни Мұхаммед (с.ғ.с.) сенен асхабын тыйым салынған айда оларға соғысуға болады ма деп ? — деп сұрақ қояды. Сен оларға:

— Бұл айда соғысу үлкен күнә -де.

Бірақ бұл жерде тыйым салынған айда соғысудан да үлкен нәрсе бар. Яғни мұсылмандарды Аллаһ Тағала жолынан тию, Аллаға күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-харамда (ғибадат етуге) тосқауыл болу, ол жерден адамдарды қуып шығару осы соғысуға тиым салынған айларда соғысудан да үлкен күнәға алып барады»-делінген.

و

Сөз айтылған екен:

Қадірлі төрт ай бар, қадірлі төрт періште бар.

Аллаһтан түскен төрт қадірлі кітап бар.

Адамның төрт мүшесі бар.

Зікірдің төрт абзал түрі бар: Субхааналлааһи,  Алхамдулиллааһи, Лаа илааһа иллаллааһу, Аллааһу Акбар.

Санның төрт тізбегі бар: Бірлік, ондық, жүздік, мыңдық.

Уақыттың төрт өлшемі бар: Сағат, күн , ай, жыл.

Төрт жыл мезгілі бар: Жаз, қыс, күз, көктем.

Ауа-райының төрт түрі бар:Ыстық , суық, құрғақ, дымқыл.

Әділетті төрт халифа бар:Әбу Бакр, Омар, Осман, Әли (оларға Аллаһтың разылығы болсын).

 Дайлами Айша анамыздан риуаят етеді:

روى الديلمي عن عائشة رضي الله عنها قالت: سمعت رَسُولُ الله يقول: يَسُحُّ الله الخير في أربع ليالٍ سَحًّا : ليلة الاضحى ، و ليلة الفطر ، و ليلة النصف مِنْ شعْبان، و أول ليلة مِنْ رجب

Мен Алла Елшісінен (с.ғ.с.) естідім: «Аллаһ Тағала мына төрт түнде жақсылықты асырып төгеді: Құрбандық түні, Фитр түні, Шағбан айының ортасындағы күннің  түнінде, Ережеп айының бірінші күнінің түнінде».

Және Дайлами Әби Умамадан риуаят етеді:

Алла Елшісінің былай деп айтқанын: " Бес түн бар, онда дұғалар қайтарылмайды. Ережеп айының бірінші түні, Шағбан айының ортасындағы күннің  түнінде, Жұманың түнінде, екі айт күнінің түнінде ".

    Бұл қасиетті айлардың қадірін осы аят — хадистер анық аңғартады. Режеп айында қасиетті екі түн бар. Айдың алғашқы жұмасы Рағайып түніне, ал жиырма жетінші түні Миғраж түніне сай келеді.

Осындай қасиетті, сауабы мол уақыттарды  қолдан келгенше Құран оқумен, егер білмесек Құран оқуды үйренумен,  зікір-тасбих тартумен, көбірек ораза ұстауға, истиғфар, тәубе қылумен шұғылданғанымыз  абзал. Шамамыз келгенше садақа, қайырлы ихсандар жасауға, мешіттерге келіп көбірек уағыз-насихаттар тыңдау арқылы иманымызды күшеутуге. Алдымызда келу жатқан Рамазан айына  осы ережеп айын дайындық ретінде пайдаланғанымыз нұр үстіне  нұр ғана болмақ.

Шәкәрім қажы мешітінің найб имамы Бахтияр Омаров