الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Ашура оразасының артықшылығы

Үкімі: Ашура күнінің оразасы міндетті емес, нәпіл оразалардан. Рамазан айында ораза тұту парыз етілген соң Пайғамбар (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күнінде ораза тұтуды сахабалардың еркіне қалдырған еді. Дегенмен, ораза ұстаған мұсылман үлкен сауапқа ие болмақ. Әрі бұл ораза болса, оның өткен жылда жасаған күналарына өтем болатыны жайлы да айтылған.

Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айының парыз оразасы мен Ашура күнінің оразасын ерекше күтіп, тұтқан.

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَحَرَّى صِيَامَ يَوْمٍ فَضَّلَهُ عَلَى غَيْرِهِ إِلاَّ هَذَا الْيَوْمَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَهَذَا الشَّهْرَ يَعْنِي شَهْرَ رَمَضَانَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбардың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күні және Рамазан айынан өзге күнді ораза тұту үшін ардақтап, күткенін көрмедім», – деген. Бұхари риуаят еткен.

Ханафи мазһабының ғалымдары Ашура оразасын ұстау — сүннет болып саналады деп белгілеген. Алайда, Ашура күнін жеке тұтпай, оған алдыңғы, не кейінгі күнді қосып тұтуы керек. Өйткені, Ашура күні ғана ораза тұту яһудилердің амалына ұқсап қалуы мүмкін. Сондықтан Ашура күнін жеке-дара тұтқанды тәнзиһан мәкрүһ (күнәсі аз ұнамсыз іс) деп айтылған. Олар дәлел ретінде төмендегі хадисті алға тартқан.

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «صُومُوا يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَخَالِفُوا الْيَهُودَ وَصُومُوا قَبْلَهُ يَوْمًا وَبَعْدَهُ يَوْمًا». رَوَاهُ أَحْمَدُ.

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Ашурада ораза тұтыңдар және яһудилерге кері іс жасап, алдыңғы не кейінгі күнді де тұтыңдар», – деген. Ахмет риуаят еткен.

Ханафи мазһабындағы атақты пәтуа еңбектерінің бірі болған «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта «Ашура күнімен бірге оның алдындағы мұхаррам айының тоғызыншы күнін бірге тұту сүннет. Ал Ашура күнін жалғыз тұту мәкрүһ» делінген. Дегенмен, өзге мазһабтарда Ашура күнін жалғыз тұту мәкрүһ іске саналмайды.

Ибн Хажар әл-Әсқалани өзінің «Фатхул-Бари» атты еңбегінде: «Ашура оразасы үш деңгейлі: ең азы сол күнді ғана тұту; екіншісі оның алдындағы күнмен бірге тұту; ең көбі алдындағы және артындағы күндермен қосып үш күн етіп тұту».

Қалай болмасын, нәпіл ораза тұту Алла разылығына жеткізіп, күнәнің кешірілуіне себеп болатын аса сауапты ғибадат болмақ.

Ескерту! Биыл (2019 жыл) ашура күні Қыркүйек айының 9-жұлдызына сәйкес келеді!