الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Тазалық

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Бізге белгілі дінімізде ілімге қатты қызықтырылған, Құранның алғашқы аяты «Оқы» деп түсті, бірақ дін қызықтырған бұл ғана емес, екінші уахи түскенде «   وَثِيَابَكَ فَطَهِّر киіміңді тазала»[1]  деген бұйрық келді, яғни дініміздің және бір мән бергені тазалық. Адамның әр кезеңінде, сәтінде тазалықты міндеттейтін Исламнан басқа дін табылмайды, мұсылман бой дәретпен жүруі міндет, және киімі, денесі ластықтан таза жүру міндеттелді, себебі мұсылман намаз оқығанда Алла Тағалаға жолығады, жаратушының алдында пенде тазалықсыз тұруы мүмкін емес. Алла Тағаланың الصُّبُّوحٌ,القُدُّوسٌ –Пәк, Таза есімдері бар, сондықтанда пенделерінің таза болуын қалайды. Бірде Әбу Ханифа жолда кетіп бара жатады, бір кісінің қолындағы алмасын  түсіріп алғанын көреді, басқа біреу сол алманы алып бір балаға садақа етеді, сонда Имам сол кісіге қарап إنَّ اللَّهَ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إلَّا طَيِّبًا  - «Алла Тағала таза, сондықтан тек таза нәрсені қабылдайды» деп түсіндірді, бұл жерде біреудің затын садақа қылмау тиіс екенін баяндады.

Алла Тағала Құранда былай деді:  إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ— «Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді».[2]  Тазалықтың міндет болуының хикметтері көп соның бірі: періштелерге зиян бермеу, әр адамның екі иығында екі періште, сонымен қоса хабарларда айтылғандай қызмет ететін үш жүз алпыс періште бар, және адамды апаттардан қорғаушы періштелерде бар, демек адамның маңызда толған періштелер, олар нұрдан жаратылған, нұрмен ластық үйлеспейді.

Және бір хикметі адамдар қоғам болып өмір сүрген соң, басқаларға зиян бермеуі тиіс, өзінен жағымсыз иіс шығып жатса адамдар жиіркенеді, көрінген жерге қоқыс тастаса, артынан тазаламай кетсе, бұның бәрі адамдарға зиян келтіреді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам):                                   أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهم عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ فِي غَزْوَةِ خَيْبَرَ مَنْ أَكَلَ مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ يَعْنِي الثُّومَ فَلَا يَقْرَبَنَّ مَسْجِدَنَا – Хайбар соғысында чиснокты көрсетіп «Кім бұл ағаштан жесе мешітімізге жақындамасын» деп айтты. Сондықтанда адам түкіргенде көміп кетуді шариғатымыз міндеттеді. Құранда:                                              إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ وَاتَّقُوا اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ— «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер. [3]

Демек еш қашан басқаларға салақтығымызбен бауырларымызға зиян бермеу қажет.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам):                                         «خَمْسَ مِنَ الْفِطْرَةِ: الْخِتَانُ ، وَالْاِسْتِحْدَادُ ، وَتَقْلِيمُ الْأَظَافِرِ ، وَنَتْفُ الْإِبْطِ ، وَقَصُّ الشَّارِبِ»     Бес нәрсе адамдық табиғаттан: Сүннетке отыру, қолтық, әурет жерді қыру, тырнақ алу, мұртты басу, мисуак қолдану»[4].

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) мисуакты- тіс тазалағышты өте жиі қолданатын, жалпы алғанда адамзаттың мырзасы  барлық нәрседе бізге үлгі болғаны секілді, тазалықтада үлгі еді, адамдар Пайғамбарымыздың жұпар иісінен, ол кісінің осы жолмен жүргенін білетін, ол кісінің ұнатып киетін киімдерінің бірі ақ болатын. Адамдар жиналатын жерлерде ғұсыл құйынуды, тіс тазалауды сүннет етті.

Ең бастысы Пайғамбарымыз ең басты тазалықтың маңыздылығын қатты ескертті, ол: ішкі тазалық.

Хадисте: أَلَا وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةٌ إِذَا صَلُحَتْ صَلُحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ    « Расында денеде бір бөлік ет бар, егер таза  болса бүкіл дене таза болады, егер ол бұзылса бүкіл дене бұзылады, ол: жүрек»[5].

Осыны ескерген бұрынғы ғалымдарымыз қандай тақырыпта кітап жазбасын ішкі тазалыққа тоқталып өтетін. Мысалсы Ханафи мазхабында негізгі кітаптардың қатарына жататын «Марақил фалах» кітабының иесі Шейх Хасан бин Аммар бин Әли Ашшурунбулали ғұсыл алу тақырыбының соңында былай деді: « адамда Аллаға деген ықластылық болмаса және ішкі көреалмаушылық, жеккөру, іші тарлық секілді дерттерден арылмаса сыртқы тазалық пайда бермейді,  жүректің нағыз тазалығы Алладан басқасын мақсат етпеу, егер пенде Алла міндеттеген нәрселерде ықластылық көрсетіп Алланың жазғанына риза болып, міндетін атқарса, Алланың қамқоршылығы оны қамтып алады, қайда барсада бірге болады, сосын Алла оған білмегенін білдіреді».[6]

Исі қазақ даналық көзін діннен алғандықтан, тазалық жайлы көптеген ұлағатты сөздер, мақал-мәтел қалдырды, мысалы: «Тазалық- саулық негізі», « Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың», « Адалдық- ардың ісі», « Адалдық жрген жерде, адамдық жүреді», «Пейілі жаманға, пәле жолығады».

Әлбетте тазалықтың адам өміріне берер пайдасы зор, сыртқы тазалықт адамның дені сау, өмір-жасы ұзақ болуына себеп болады, берекеттің ішінде болады, себебі лас жерде жын-шайтан жүрсе, таза жерде періштелер жүреді.

Тазалық иманның күшті болуына тікелей қатысы бар, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:     الطَّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَانِ،   «Тазалық иманның жартысы»[7].

Алла Тағала ішімізде сыртымызда таза болған пенделерінің қатарынан болып, өзінің ризалығын нәсіп етсін!

 

[1] Муддассир-4

[2] Бақара-222

[3] Хужурат 10

[4] муслим

[5] Бухари Муслим

[6] Марақил фалах-49

[7] Муслим