ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Дәстүрлі мәдениетімізде туыстық қатынасты жақсартуға себеп болатын, байланыстарды күшейтіп бекітетін өте құнды салт-ғұрыптарымыз, рухани мұрамыз бар. Мысалы, түрлі мерекелер осыған жатады. Мерекелер түпкі мағыналарын жоғалтпаса, мейлі туыстардың болсын, мейлі жалпы қоғамның болсын арасында байланыс жолдары күшейіп, өзара төзімділікке себеп болса, онда ол жалғасын таба береді. Мерекелердің себебімен жасалған зияраттар жүректердің жұмсаруына, өзара сүйіспеншіліктің артуына сеп болады. Мереке-мейрамдар жеке адамға қуаныш сыйлайтыны секілді толқынданып барып өзге адамдарға да жалғасып кетеді. Әрине, бүгінгі таңда мейрам күндерінде осындай рухтың сезіліп, сезілмеуі ойлануды қажет ететін жағдай. Қатынастар – әкелетін пайдасы жағынан құрылатын, адамдар алдымен қара басына келетін пайдаға қарай өзгелермен байланыс жасайтын уақыттарды бастан кешіріп отырмыз. Сенім мен көркем мінезге деген көңіл бөлушілік азайып, жоғары қабаттағы көршілер төменгі қабаттағы көршілердің хал- ахуалынан бейхабар өмір сүретін, отбасылар мен туыстар арасындағы қарым-қатынас баулары шешіле бастаған, ұрпақтар арасында қалың қабырға соғылған кезенде ғұмыр кешудеміз. Міне, осындай ұнамсыз жағдайларды жою немесе азайту үшін туыстық қатынастың маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан мереке- мейрамдар бір-бірімізден қашуға емес, керісінше барып біте қайнасуға себеп болуы керек. Қасиетті Құранның да көптеген аяттарында Алланы ұмытқандар Алла тарапынан да ұмытылатыны туралы айтылған. Мысалы, «Оларға былай делінеді: бүгінге жететіндеріңді ұмытқандарың секілді бұл күні біз де сендерді ұмытамыз. Паналайтындарың от болады. Көмекшілерің де жоқ» («Жасия» сүресі, 34-аят). Бұл аятта Алланы ұмытқанды адамдардың өзіне ең көп мұқтаж болған күнінде Алланың да ұмытатыны, оларға ешбір жәрдем берілмейтіні анық айтылған. Жағдай адамдарға қатысты жағынан да, міне, осындай. Алдымен өзі өзгелерді ұмытқан адамдар бірте-бірте адамдар тарапынан да ұмытыла бастайды. Қиын күндерде адамдардың қасынан табылмаған жан өзі қиналған шақтарда қасынан ешкімді таба алмайды. Олай болса, ұмытылғымыз келмесе, ата-анамызды, әйел, бала-шағамызды, достарымызды ұмытпауымыз керек. Мұсылмандар арасында бауырлық ақылар болумен бірге «силайи рахм» шеңберінде қолға алынуы тиіс туыстық ақылар да бар екенін ұмытпауға тиіспіз. Шынында да, бұл қатынас адамдарды моншақтың маржандарындай байланыстырып тұратын жіпке ұқсайды. Бұл бауды үзу әр қайсысы әр жаққа домалап, шашылып кететін моншақгар  секілді адамдардың да бір-бірінен алыстап, түсініксіз бір халге душар болуына себеп болады. Ең ауыр жеккөрушілік ағайын-туысқа бағытталған жеккөрушілік. Қарымтасын алып, сыйын көрмесек те, туыстарымызбен жақсы болып, өкпе-ренішке жол бермеуге тиіспіз. Туысқандарымыз арасында жақын байланыссақ, отбасымызға белгілі бір зиян келтіретіндей адамдар болуы ықтимал. Олармен де өлім-жітім, той-томалақ, басқа да жиындарда бірге болып, қастарынан табылып, сәлеміміз бен дұғамызды үзбеуіміз қажет. Бір-бірімізден теріс айнапу, лағынеттеу, қарғап-сілеу, өмірімізден сызып тастаудың зияны тек қана туыстық байланысты үзу ғана болып қоймайды, Жаратқан Раббымыздың мейіріміне қауышуымызға да ең үлкен бөгеттердің бірі саналады. Туыстық қатынас – сен берсең, мен де беремін дейтіндей сауда-саттық емес. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Силайи рахм жасау – туысынан көрген жақсылығына жақсылық қайтару ғана емес, туысқаны оған жақсылық жасауды тоқтатқан кезде де оған жақсылықты жалғастыра беру» деп анық өлшем беріп кеткен (Бұхари, Әдәб, 15). Ата-анасынан ерте айырылған сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ды туысқандары бағып,өсіріп, ер жеткізген. Ол да өскенде туған-туысқандарына үнемі опалы қарым-қатынас жасаған. Сүйген жары, хазірет Хадиша Оның (с.ғ.с.) осы қасиетін тілге тиек еткен. Жан жарына Пайғамбарлық жүктеліп, алғашқы уахи түсіп, қатты қобалжып, қорқып, үркіп, үстін бүркеп жауып қоюды сұраған кезде асыл анамыз: «Жоқ, сен қорықпа! Ант етейін, Алла сені әсте ұятқа қалдырмайды. Өйткені сен туысқандарыңа үнемі жақсылық жасайсың…» (Бұхари, Бәдуль-у- ахи,) деп жұбайын жұбатқан болатын.

Ислам діні келгенде, Алла Елшісі (с.ғ.с.) ең алдымен өзінің туған-туыстарын дінге шақырды. Алдымен солардың бақыты мен қуаныштары үшін қажыр-қайрат жұмсады. Діннің де талабы осы еді. Сондықтан «силайи рахм» ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның өмір сүру моделі, сүннеті және көркем мінезінің негізгі бір бөлшегі болатын. Қоғамдық өмірде оқиғалар үнемі біз қалағандай, біз қсатеткендейболабермеуіықтимал.Ағайындар арасында да кейде жақсы саналмайтын кейбір жағдайлар орын алып қалуы ғажап емес. Сондай жағдайда туысқандарымыз бізді тастап кетсе, бізбен жолығып, кезігуді қаламаса, тіпті бізбен дос секілді қарым-қатынас жасамаса да, білікті мұсылман ретінде біз олармен байланысымызды үзбеуіміз қажет. Әрқандай жағдайда да туған- туыстарымызбен байланыстарымызды Алланың Рахман сипатының бір шағылысы ретінде қолға алып, мейірім мен рақымдылық негізінде құруға тырысайық. Туыстар мен достардың зияратына ешқашан жеңіл қарамайық. Туыстық қатынасты үзбеуді Рахман Раббымыздың разылығын табуымызға, қоғамдық бірлігімізді кушейтуге арқау болатын негізгі қадам ретінде бағалайық. Мүмкіндігіміз болып жатса, мұқтаж туысқандарымызғы рухани және материалдық жәрдем көрсетейік. Жасы үлкентуыстарымызболса,жиі-жиібарып,батасын алып, өмірлік тәжірибесінен пайдаланайық. Туысқандарымызға тәтті сөзді, күлім көзді, сабырлы, төзімді болуға талпынайық. Арадағы болмашы ғана түйткілдерді үлкейтіп гангрена күйіне келтірмей жатып, тезірек шешіп тастайық. Сәлемімізді үзбейік, өзіміз үшін тілеген жақсылықты олар үшін де тілейік. Туыстық қатынасты үзу, оларға жамандық жасау үлкен күнә екенін де естен шығармайық. Қасиетті Құранның мына аятына құлақ түрейік: «Демек, сендер жер бетінде азғындық, бұзықшылық жасап, туыстық қатынастарды үзесіңдер, солай ма? Міне, Алланың лағынет еткен, құлақтарын керең, көздерін соқыр еткен адамдары осылар. Олар Құранды еш ойға салмай ма? Әлде жүректерінде құлып бар ма?» («Мұхаммед» сүресі, 22-24-аяттар)

Аударған: А. Әділбаев