+7 (7222) 52-19-11 ![]() |
Алла тағала адам баласын үміттенуге шақырып, қасиетті Құран Кәрімде:
وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا وَادْعُوهُ خَوْفًا وَطَمَعًا إِنَّ رَحْمَةَ اللَّهِ قَرِيبٌ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
«Қоғам түзелгеннен кейін жер бетінде бүлік шығармаңдар. Үрей мен үміт арасында Аллаға жалбарыныңдар! Шын мәнінде, Алла тағаланың рақымы жақсыларға жақын» (Ағраф, 56)-деп бұйырды.
Абдуллаһ бин Омар (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткізген хадис шәріпінде, Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла тағаланың алдында жолдастардың ішіндегі ең жақсысы, жолдасымен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады, ал Алла тағаланың алдында көршілердің ішіндегі ең жақсысы, көршісімен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады.»- деп өсиет етті. (Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.)
Уа, Раббым!
Бізге ықыласпен амал етуді нәсіп ете гөр! Сен біздің айыптарымыздың жасырушысың әрі біздің күнәларымызды Өзіңнен басқа кешіруші жоқ
Алла Тағала шыбынды не үшін жаратқан?
Бір күні халифа Әбу Жағфар Мансұр (95-158/714-775) әдеттегідей сарайында отырады. Кенеттен бір шыбын ұшып келіп жүзіне қонады. Ол шыбынды қағып жібереді. Алайда шыбын қайта айналып келіп жүзіне қонады. Қайта қағып жібереді. Осылайша шыбын бірнеше мәрте халифаның жүзіне қонып мазасын алады. Халифа ыза болады. Есіктің аузында тұрған нөкерлеріне қарап:
– Есіктің алдына кім келіп тұр? – деп сұрайды. Нөкерлердің бірі келіп:
– Мұқатил ибн Сүлеймен (Мұқатил ибн Сүлеймен - ғалым, тәфсірші, һижри 150 жылы дүниеден өткен) кіруге рұқсат сұрап тұр, – дейді. Халифа:
– Дереу алдыма кіргізіңдер, - дейді. Мұқатил сарайға кіреді. Халифа Мұқатилді көрген бетте:
– Алла Тағала шыбынды неге жаратқандығын білесің бе? – деп сауал қояды. Мұқатил еш кідірместен:
– Алла Тағағала шыбынды өзін құдіреттімін деп санаған зорларды тәубесіне түсіру үшін жаратты, – деп жауап береді. Әбу Жағфардың аузына құм құйылып, ләм-мим деп тіл қатпаған екен.
Дереккөз: muslim.kz