Аякөз ауданы Қопа ауылдық мешіті

«Қопа ауылдық мешіті» Аякөз ауданы Қопа ауылында орналасқан. Мешітті  2005 жылы  Жакупов Жәнібек Бадамұлы деген кәсіпкер және Ардақ деген бауырымен қосылып жаңадан  120 адамға арналып салынған.Мешіттің  жер көлемі 891 ш.м Мешіт ақ силикат кірпішпен салынған мешіт биіктігі 3 метр.Қабырғамен қоса салынған екі мұнарасының биіктігі 5 метр. Мешіт күнбезінің биіктігі 2 метр.Мешіттің ішінде имам бөлмесі , от жағатын орын және әйел адамдар намаз оқитын бөлмелері бар.Мешіт еденіне толықтай кілем жайылған.

image004(46) image002(53)