الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ҚМДБ-ның Семей аймағына қарасты Аякөз аудандық орталық мешіті

«Аякөз қалалық мешіті» Аякөз қаласының шаһардың орталығында орналасқан. Мешіт 2004 жылы салынған. Қаражатын халық, кәсіпкерлер мен  мекемелер, дәулетті азаматтар көтерді.

Мешіттің жалпы ауданы 5776, ал пайдалы көлемі 1000 шаршы метр. Мешіт 800 намазхан бір мезгілде намаз оқи алатын үш қабаттан тұрады. Бөлмелеріне «Алматы кілем» фабрикасы тоқыған кілемдер төселген.

Мешіттің биіктігі 40 метрлік бір мұнарасы бар. Оны Османи сәулет үлгісімен түркиялық шеберлер жасап, Аякөздік бауырларына сый еткен.

Көгілдір күмбезінің биіктігі 40, диаметрі 7 метр. Мешіттің барлық бөлмелері арнайы тапсырыспен жасалған жиһазбен, бейнефильмдер көрсету үшін жасалған бейнезалмен, іс қағаздарын жүргізуге арналған қажетті техникалық құралдармен, компьютерлермен жабдықталған және Интернет желісіне қосылған.

Мешіттің бірінші қабатында имам, наиб имам, есепші және дәріс бөлмелері бар. Екінші қабатында ерлер намаз оқитын үлкен зал, михраб, мінбер орналасқан. Үшінші қабатында әйелдер намаз оқиды.

Мешіттің ашылу салтанатына Бас имам Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреті қатысып, жұрт алдында уағыз айтып, алғашқы жұма намазын өткізді.

image004(45) image002(52)