Семей қаласы Жаңа-Семей ауданына қарасты Қайнар ауылдық Рымбек ата мешіті

«Қайнар ауылдық мешіті» 2006 жылы салынған. Қызыл кірпіштен тұрғызылған мешітте бір мезгілде 150 адам намаз оқи алады. Намаз бөлмесінің ұзындығы 12,5, ені 9,7 метр. Имамның қызмет бөлмесінің ұзындығы 4,3, ені 4 метр. Мешіттің биіктігі 3 метр. Бір мұнаралы, биіктігі 13 метр, ал күмбезінің биіктігі 3 метр. Хатымхана 200 орындық. Мешітті салдырған Рымбек ата ұрпақтары Байсейтовтар аулеті.

image004(27) image002(34)