الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Шүкіршілік

Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, алғыс-рақметіңді білдіру. Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты:«Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте аз», – деп ескертеді.

Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін қоршаған қай нәрсенің болмасын Аллаһ тарапынан арнайы әзірленіп, адам баласының қызметіне ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. Бірақ, бір қынжылтатыны, бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына деген шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.

Мысалы, дарға асылайын деп тұрған жерінен бір адамды екінші бір адам құтқарып қалса, өлім аузынан қайтқан адам өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, – деп оның алдында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді жоқтан бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған Жаратушымызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс па? Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық, нығметтері шексіз. Құранда: «Егер Аллаһтың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», – делінеді. Біз, адам баласы, денсаулықтың, әрбір он екі мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар екенімізді сездік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа

жауап беру оңайға соқпаса керек. Егер бізге біреу миллион ақша сыйласа, оған рақметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та Аллаһтың бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге «Аллаһу әкбар» деп сәждеге бас ұрмаймыз? Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жолмен сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін бұл нығметтен мақұрым ауруханалардағы жандарды барып көріп, аталмыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік! Осыншама жақсылықтың, ырыс-берекенің алғысы «шүкір» деген үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шынайы алғысымыз бенмахаббатымыздың белгісі – Оның бұйырған әмірлерін«ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, міндеттегенғибадаттарын толық атқару мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу. Ендеше, Оған деген алғысымыз бен махаббатымызды осылай дәлелдеп, осылай атқарайық!

Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы Иесіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдіріп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір алма сатып алдық делік. Сатушыға рахметімізді айтып, қолына ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы «құлым жесін» деп көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан сілекейіңді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар керемет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың шынайы иесі – Аллаһ Тағалаға шүкірімізді, рахметімізді білдіріп, Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе? Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын-тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының еңбегі ғана. Себебі, алманың өз құны өлшеусіз. Ол бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса, оны өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған қаржы жұмсап бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дәні бар болған күннің өзінде оның өсіп-жетілуіне керекті Күнді, ауаны, топырақты, ондағы әр түрлі минералдарды қайдан табар едік? Бір Күннің өзін триллиондаған қаржыға сатып ала алмасымыз анық. Тіпті бүкіл әлем жиналса, алманың өсуі үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші...

Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себептерге ғана алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз. Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін мына мысалға назар аударайық.

Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый жіберді делік. Әлгі адам сыйлықты ала салысымен рахметін үйіп-төгіп патшаның қызметшісіне айтып, сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісіқаншалықты жөнсіз болар еді. Бұл тұста нағыз алғыс айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі емес пе?!

Пікір қалдыру

*

captcha *