الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Терминдерге түсінік

Азан: Ха­бар бе­ру, біл­ді­ру. Па­рыз на­маз уақы­тын біл­ді­ре­тін ар­найы сөз­дер.

Айн па­рыз: Жал­пы па­рыз. Әр­бір мұ­сыл­ман­ға ті­ке­лей жүк­те­ліп, өтеуге бо­рыш­ты па­рыз­дар.

Ақыр­ғы оты­рыс: Соң­ғы рә­кат­тан кейін­гі «әт-та­хият» дұ­ға­сы оқы­ла­тын оты­рыс.

Әмин: Аллаһым, дұ­ға­мыз­ды қа­был ет!

Әт-та­хият: На­маз оты­ры­сын­да оқы­ла­тын дұ­ға.

Әу­рет: Қарауы ха­рам, жа­бы­луы па­рыз мү­ше­лер. Ер кі­сі­лер үшін кін­дік пен ті­зе­нің ара­сы, әйел­дер үшін бет-жү­зі, бі­лек­ке дейін­гі екі қо­лы жә­не то­бық­қа дейін­гі екі аяғы­нан бас­қа бар­лық жер­ле­рі.

Ба­ли­ғат ша­ғы: Қыз ба­ла­ның 9-15, ер ба­ла­ның 12-15 жас­қа ке­ліп, кә­ме­лет­ке толуы.

Ғайру мүәк­кад сүн­нет: Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) кейде жа­сап, кейде жа­са­ма­ған сүн­нет­те­рі. На­маз­ды­гер мен құп­тан­ның ал­ғаш­қы сүн­нет­те­рі, т.б.

Ға­мус ан­ты: Жал­ған ант. Бір нәр­се­ні бі­ле тұ­ра әдейі жал­ған ант ету.

Ғид­дәт: Әйел адам­ның күйеуі­нен та­лақ бол­ған­нан кейін не­ме­се күйеуі қай­тыс бол­ған­нан кейін кү­те­тін бел­гі­лі уа­қыт.

Ғұ­сыл: Араб ті­лін­де жуыну, ша­ри­ғат­та бү­тін де­не­нің ар­найы түр­де то­лық жуылуы.

Дә­рет: Ис­лам­да кей­бір ғи­ба­дат­тар­ды іс­ке асы­ру үшін жә­не же­ке ба­сы да ғи­ба­дат са­на­ла­тын ар­найы та­за­ла­ну тү­рі.

Жам'у та­хир: Бі­рін­ші на­маз­дың уақы­ты шық­қан­нан кейін екін­ші на­маз­дың уақы­тын­да екі на­маз­ды бір­ге қо­сып оқу. Ара­фа кү­ні ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын құп­тан уақы­тын­да Муз­дә­ли­фә­да бір­ге қо­сып оқу — уә­жіп.

Жәйіз: Дін­де рұқ­сат етіл­ген жал­пы іс-әре­кет­тер.

Жи­наят: Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­дат­та­рын­да­ғы уә­жіп амал­дар­дың біреуі­нің орын­дал­май қалуы, тіп­ті бел­гі­лен­ген уақы­ты­нан ке­шік­ті­рі­луі не­ме­се их­рам­ға кі­рген соң іс­те­лі­нуі ха­рам тыйым­дар­дың жа­са­луы.

Зи­һар: Ис­лам­нан бұ­рын­ғы дәуір­де араб әле­мін­де әйел­дер­ді та­лақ ету­дің бір жо­лы.

Зия­рат тауабы: Қа­жы­лар­дың Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін жа­сай­тын тауабы­на зия­рат тауабы не­ме­се «ифа­да тауабы» де­лі­не­ді. Бұл тауап­ты жа­сау — қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның бі­рі. Зия­рат тауа­бын­да­ғы же­ті айна­лым­ның төр­теуі — па­рыз, үшеуі — уә­жіп.

Иғ­ти­қаф: Бір жер­де тұ­ру, кү­ту, өзін бір жер­ге қамау. Ме­шіт­те яки со­ған ұқ­сас жер­де ғи­ба­дат ниеті­мен бел­гі­лі бір мез­гіл сол жер­де қа­лу.

Иж­мағ: Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры­ның бел­гі­лі бір мә­се­ле­нің үкі­мін­де ор­тақ көз­қа­ра­сы.

Из­ти­ба: Де­не­нің үс­тің­гі жа­ғын­да­ғы жап­қыш­тың бір ұшын оң қол­тық­тың ас­ты­нан өт­кі­зіп, сол иық­қа тас­тап, оң қол­ды иық­пен бір­ге ашық тас­тау.

Ис­тиб­ра: Кі­ші дә­рет қал­дық­та­ры­нан тү­гел­дей ары­лу.

Ис­тин­жа: Қан, мә­ни, үл­кен дә­рет, кі­ші дә­рет сияқ­ты лас­тық­тар­дан та­за­ла­ну.

Ис­тин­шақ: Мұ­рын­нан кең­сі­рік­ке дейін су тар­ту.

Ис­ти­ха­ра на­ма­зы: Бір іс­тің жақ­сы­сын, қайы­рын, игі­лі­гін ті­леу үшін ар­найы оқы­ла­тын на­маз жә­не дұ­ға.

Иф­ти­тах: Ашу, на­маз­дың ал­ғаш­қы тәк­бі­рі. 

Иф­ти­тах: На­маз­ды бас­тар­да алы­на­тын ал­ғаш­қы тәк­бір.

Их­рам: Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра яки екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та­ғы ха­лал кей­бір іс­тер­ді, қа­жы­лық не­ме­сі ум­ра уақы­тын­да кі­сі­нің өзі­не ха­рам қылуы.

Их­сар: Дұш­пан­ның бө­гет бо­луына не­ме­се ауру сияқ­ты се­беп­тер­ге байла­ныс­ты қа­жы­лық не­ме­се ум­ра жа­сау үшін их­рам­ға кір­ген адам­ның қа­жы­лық­ты не­ме­се ум­ра­ны аяқ­та­мас­тан их­рам­нан шы­ғу­ға мәж­бүр болуы.

Их­ти­лам: Ұйқы­да ғұ­сыл­дың бұ­зы­луы.

Иш­ти­һад: Бел­гі­лі ере­же­лер­ді ұстанып, Құ­ран мен сүн­нет­тен үкім шы­ға­ру.

Кәф­фа­рат: Қа­те­ле­сіп, әдейі не­ме­се бі­реу­дің зор­лауы ар­қы­лы жа­сал­ған кей­бір кү­нә­лар­дың ке­ші­рі­луі­нің Ис­лам­да­ғы ар­найы өте­лу жол­да­ры.

Ки­фая па­рыз: Жал­қы па­рыз. Жал­пы мұ­сыл­ман­ға па­рыз бо­ла тұр­са да, кей­бір мұ­сыл­ман­дар­дың іс­ке асы­ру ар­қы­лы бар­ша мұ­сыл­ман­ның мойны­нан тү­се­тін па­рыз­дар.

Ку­суф: Күн­нің тұ­ты­луы.

Кі­ші ха­дас: Дә­рет­сіз­дік.

Қа­дум тауабы: Сыр­ттан ке­ле­тін адам­дар­дың Мек­ке­ге кел­ген уа­қыт­та Қағ­ба­ға сә­лем ре­тін­де жа­сай­тын ал­ғаш­қы тауап. Бұл тауап­ты жа­сау — сүн­нет.

Қа­мат: Па­рыз на­ма­зы­на тұ­рар­да ар­найы айты­ла­тын азан­нан аз ға­на айыр­ма­шы­лы­ғы бар сөз.

Қа­мис: Мәйіт­ті орай­тын ке­бін­нің бі­рі.

Қиям: Тіп-тік, түрегеп тұ­ру. На­маз­да не­гіз­гі па­рыз­дар­дың бі­рі.

Құ­бы­ла: Мек­ке­де­гі Қағ­ба.

Қы­ра­ғат: На­маз­да­ғы «Фа­ти­ха­дан» кейін оқы­ла­тын Құ­ран. Ең қыс­қа­сы, үш аят не­ме­се осы үш аят­тың кө­ле­мін­дей бір, яки екі аят.

Ла­ғу ан­ты: Қа­те­ле­сіп не­ме­се айтқа­ным дұ­рыс деп ой­лап ант ету тү­рі.

Мад­ма­да: Ауыз­ды су­мен шаю.

Мас­буқ: Имам­ға ке­ші­гіп ұй­ған.

Мах­рам: Ис­лам­да әйел­дің үйле­нуі ха­рам жа­қын туыс­та­ры.

Мәйіт: Бұл өмір­ден өт­кен адам­ның де­не­сі.

Мәк­рүһ: Жа­ғым­сыз, ұнам­сыз, жа­ман іс-әре­кет. Дә­рет пен ғұ­сыл ал­ған­да су­ды ысы­рап ету, т.б.

Мә­сіх ету: Сүр­ту, сипау.

Ми­қат: Қа­жы­ға не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам­дар­дың их­рам­ға кір­мей өту­ге рұқ­сат етіл­ме­ген ар­найы жер­лер.

Ми­суак: Араб тү­бе­гін­де өсе­тін, тіс­ті та­за­лауда қолданылатын ағаш.

Муәл­ла­фа­тул-қу­лууб: Мұ­сыл­ман бо­лу ба­қы­ты­на әлі ке­нел­ме­ген кей­бір адам­дар­дың жа­ман­шы­лы­ғы­нан сақ­та­ну үшін жә­не Ис­лам ді­нін жа­ңа­дан қа­был­да­ған има­ны әл­сіз адам­дар­дың, тіп­ті әлі Ис­лам­ды қа­был­да­ма­ған кей­бір адам­дар­дың кө­ңі­лін жі­бі­ту үшін ке­дей бол­сын, бас­қа бол­сын зе­кет­тен бел­гі­лі есе бе­рі­ліп отыр­ған адам­дар.

Муз­дә­ли­фә: Ара­фат пен Ми­на­ның ор­та­сын­да ор­на­лас­қан жер­дің аты. Қа­жы­лық­та Ара­фа кү­ні­нің құр­бан айтқа қа­ра­ған тү­нін то­лық Муз­дә­ли­фә­да өт­кі­зу — сүн­нет

Мун'ақид ан­ты: Іс­ке асу мүм­кін­ді­гі бар, жал­пы бо­ла­шақ­қа байла­ныс­ты бір нәр­се жайлы ант ету.

Мұ­на­фық: Кү­пір­лі­гін жа­сы­рып, жұрт­қа мұ­сыл­ман бо­лып кө­рін­ген адам.

Мұс­та­хап: Аллаһ Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) кейде жа­сап, кейде жа­са­ма­ған іс-әре­кет­те­рі. Сәс­ке на­ма­зы се­кіл­ді кей­бір нә­піл на­маз бен ора­за­лар осы­ған жа­та­ды.

Мүәк­кад сүн­нет: Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) әр­дайым жа­сап, ілу­де жа­са­ма­ған сүн­нет­те­рі. Таң, бе­сін, ақ­шам на­маз­да­ры­ның сүн­нет­те­рі, т.б.

Мү­баһ: Жа­са­луы мен жа­сал­мауын­да ді­ни жа­ғы­нан еш­қан­дай тос­қауыл бол­ма­ған, яғ­ни жауап­кер­дің ер­кін­де­гі іс-әре­кет­тер. Мә­се­лен, та­мақ ішу, ұйық­тау, т.б.

Мүп­сит: Бас­тал­ған ғи­ба­дат­ты бұ­за­тын нәр­се. На­маз­да өз-өзін ұс­тай ал­май кү­лу, т.б.

Міс­кін: Тү­гі жоқ, мұқ­таж адам­дар.

Нә­жі­сат: Ғи­ба­дат­тың іс­ке асуына ке­дер­гі жа­сай­тын лас­тық­тар.

Нә­піл тауап: Па­рыз жә­не уә­жіп бол­ма­ған нә­піл тауап.

Нә­піл: Па­рыз бен уә­жіп­тен тыс Аллаһ Та­ға­ла­ға жа­қын­дау үшін жа­са­ла­тын ғи­ба­дат­тар.

Ни­сап: Зе­кет­ті, құр­бан ша­лу­ды жә­не пі­тір са­да­қа­сын бе­ру­ді па­рыз яки уә­жіп ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

Ни­фас: Әйел адам бо­сан­ған кез­де жа­ты­ры­нан ке­ле­тін қан.

Па­қыр: Ни­сап мөл­ше­рі­не же­те­тін бай­лық­ты ие­лен­бе­ген адам­дар.

Па­рыз: Анық жә­не бұл­тартпас дә­лел­дер­мен әмір етіл­ген ді­ни іс-әре­кет­тер мен мін­дет­тер. На­маз оқу, ора­за ұс­тау, зе­кет бе­ру, т.б.

Пі­тір са­да­қа: Күн­де­лік­ті қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс, кем де­ген­де, ни­сап мөл­ше­рі (85 г. ал­тын) бай­лық­қа ие адам­ға уә­жіп са­да­қа.

Рү­күғ: иілу. Қол­дар­ды ті­зе­ге қойып, тө­мен қа­рай иілу. На­маз­дың не­гіз­гі па­рыз­да­ры­ның бі­рі.

Рү­күн: Па­рыз, не­гіз.

Са­ғи: Араб ті­лін­де шап­шаң жү­ру, жү­гі­ру де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы: Мәс­жи­дул-Ха­рам жақ­та ор­на­лас­қан Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да Са­фа тө­бе­ші­гі­нен бас­тап, Мә­руада аяқ­тау шар­ты­мен төрт рет ба­рып, үш рет қай­тып ке­лу.

Салауат: Аллаһ Ел­ші­сі­не (с.а.у.) айты­ла­тын ерек­ше дұ­ға.

Сәж­де: Ба­ғы­ну, мойынсұ­ну, кі­ші­пейіл­дік­пен иілу. Маңдайды және мұрынды жер­ге тигізу «сәжде» деп аталады. Сәжде на­маз­дың іш­кі па­ры­зы­ның бі­рі.

Сә­һу сәж­де­сі: Қа­те­лік сәж­де­сі.

Сүн­нет: Па­рыз бен уә­жіп­тен бө­лек Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) жа­са­ған, «жа­саң­дар» деп әрі жа­са­луына ри­за­лы­ғын біл­дір­ген іс-әре­кет­тер.

Та­ға­ла: Ұлы, ас­қақ, жо­ға­ры. Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын біл­ді­ре­тін сөз. Әрі Аллаһ сө­зін айт­қан­да, жаз­ған­да қол­да­на­тын әдеп­ті­лік бел­гі­сі.

Тағ­дил әр­кан: На­маз­дың іш­кі па­рыз­да­рын кө­ңіл то­ла­тын­дай етіп, дұ­рыс­тап жасау.

Тауап: Қағ­ба­ны ғи­ба­дат ниеті­мен же­ті рет айна­лу

Та­хият дұ­ға­сы: На­маз­дың ал­ғаш­қы оты­ры­сын­да жә­не ақыр­ғы оты­ры­сын­да оқы­ла­тын дұ­ға.

Та­хия­тул-мәс­жид: Ме­шіт­ке сә­лем бе­ру деп аталатын мешітке кірген кезде отырмастан оқылатын намаз.

Тах­ри­мән мәк­рүһ: Ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ. Дә­рет ал­ған­да су­ды ысы­рап ету, т.б.

Тәж­һиз: Әзір­леу. Жа­на­за­ның жуылуы­нан кө­мі­луіне дейін жа­са­ла­тын ді­ни іс­тер.

Тәйәм­мүм: Су бол­ма­ған яки су бо­ла тұ­рып, пайда­ла­на ал­ма­ған кез­де та­за то­пы­рақ­қа соқ­қан қол­да­ры ар­қы­лы жү­зі мен екі қо­лын шын­тақ­қа дейін мә­сіх етуі.

Тән­зи­һән мәк­рүһ: Адал­ға жа­қын мәк­рүһ. Мұ­рын­ды оң қол­мен шаю, т.б.

Тәруия кү­ні: Зил­хиж­жа айы­ның 8-ін­ші кү­ні.

Тәс­бих: Аллаһ Та­ға­ла­ны шірк атаулы­дан, нұқ­сан­дық­тан пәк­теу.

Тә­һаж­жүд на­ма­зы: Түн­нің жар­ты­сы­нан бас­тап, сә­ре уақы­ты­ның аяқ­та­луына дейін­гі уа­қыт­та оқы­ла­тын на­маз тү­рі.

Тә­шәһ­һүд: әт-Та­хият дұ­ға­сы оқы­ла­тын на­маз­дың ал­ғаш­қы жә­не ақыр­ғы оты­ры­сы.

Тіләуат сәж­де­сі: Сәж­де аят­та­рын ес­ті­ген яки оқы­ған кез­де ар­найы жа­са­ла­тын сәж­де.

Уақ­фа: Бір ме­зет ғи­ба­дат ниеті­мен ар­найы уа­қыт­тар­да Ара­фат тауын­да жә­не Муз­дә­ли­фа­да тұ­ру.

Уә­жіп: Орын­да­луы дәл па­рыз се­кіл­ді та­лап етіл­ме­ген, қуат­ты дә­лел­дер­мен анық­тал­ған іс-әре­кет пен уази­па­лар. Құр­бан ша­лу, үтір жә­не айт на­ма­зын оқу, т.б.

Ум­ра тауабы: Ум­ра­ға бар­ған­да жа­са­ла­тын тауап. Бұл тауап­тың ал­ғаш­қы төрт айна­лы­мы — ум­ра­ның па­рыз­да­ры­нан, мін­дет­ті түр­де жа­са­луы ке­рек. Жа­сал­ма­са, ум­ра­сы дұ­рыс бол­майды. Қал­ған үш айна­лым орын­дал­ма­са, ар­найы жа­за өте­ле­ді.

Ум­ра: Бел­гі­лі бір уа­қыт­қа бай­лан­бай жыл­дың кез кел­ген уақы­тын­да их­рам­ға кі­ріп, тауап жә­не са­ғи жа­са­ған­нан кейін шаш­ты ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып, их­рам­нан шы­ғу жол­да­ры­мен ат­қа­ры­ла­тын ғи­ба­дат.

Үзір қа­ны: Құр­сақ­тан емес, ақау та­мыр­дан аға­тын қан.

Үл­кен ха­дас: Жү­ніп, хайыз, ни­фас.

Ха­да­сат: Ру­ха­ни лас­тық. Ғұ­сы­лы, дә­ре­ті бол­мау, хайыз яки ни­фас жағ­дайы.

Хайыз: Әр ай­дың бел­гі­лі күн­де­рін­де әйел­де пайда бо­лып, кей­бір ғи­ба­дат­тар­ға ке­дер­гі жа­сай­тын қан.

Ха­рам аума­ғы: Өсім­дік­те­рі­нің жұ­лы­нуына жә­не аң­да­ры­ның, жал­пы жан-жа­нуар­ла­ры­на зиян ти­гі­зу­ге тыйым са­лын­ған Мек­ке жә­не оның айна­ла­сын­да­ғы қа­сиет­ті, мү­бә­рак жер­лер.

Ха­рам: Жа­са­луы мен пайда­ла­нуы Ис­лам­дық тұр­ғы­дан қа­таң тыйым са­лын­ған нәр­се­лер. Ішім­дік ішу, құ­мар ойын­дар, зи­на жасау, адам өл­ті­ру, ғай­бат­тау, жа­ла жа­бу, т.б.

Ху­суф: Ай­дың тұ­ты­луы.

Хұт­па: Жұ­ма кү­ні имам­ның па­рыз на­ма­зы­нан бұ­рын мін­бер­ге шы­ғып оқи­тын дұ­ға­сы.

Пікір қалдыру

*

captcha *