Алтыбай фотоБұрынғы Семей обылысы Абай ауданы Би ата  ауылында 1975 жылы 14 желтоқсан күні дүниеге келген.

1992 жылы  Түркия мемлекеті Бурса қаласындағы имам хатиб лицейнде 1994 жылға дейін діни білім алды.

1995 – 1996 жылдары Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында оқыды.

1996 – 1998 жылдары Абай ауданы Құнанбай қажы мешітінде  азаншы болып қызмет атқарды.

1998 – 2000 жылдары Алматы қаласындағы 2 жылдық Ислам институтында білімін жалғастырды.

2000 – 2004 жыл аралығында Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінде найб имам қызмет атқарды.

2004 – 2007 жыл аралығында Алматы қаласындағы Нұр – Мүбарак Ислам мәдениет университетінің Исламтану мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2007 – 2013 жыл 25 ші ақпанына дейін Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде Найб имам болып қызмет атқарды.

2013 жылдың 25- ші ақпанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ- ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы және Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген 3 баланың әкесі.