الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

57 елдің ғалымдары адал тағамдар мәселесін талқылады (ФОТО)

Кувейт елінің астанасы әл-Кувейтте 22-25 наурыз аралығында Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі – Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXIІ съезі өтті.

Аталмыш шарада Академиядағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындаға Ғұламалар Кеңесінің хатшысы, PhD доктор Ершат Оңғаров қатысты.

57 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман әлемінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатып жүрген тақырыптарды талқыға салды.

«Ғалымдардың бес күндік ғылыми кеңесінде «Шура (кеңес) мен демократияның исламдағы орны», «Халал тағамдар жөніндегі техникалық комиссия мен Өнімдерді стандарттау және сертификаттау институты жанындағы косметалогия комиссиясының сауалдарына жауаптар», «Тоқпен ұру арқылы әлсіреген малдан зекет беру мәселесі», «Ислам фиқһы бойынша мүгедектердің құқықтары», «Сақтандыру мәселелері», «Әйел және жоғары қызметтер (министр,  сот, мәжіліс және сенат төрағалығы, т.б.)» және «Мұсылмандарды күпірлікпен айыптау (әт-тәкфир): себеп-салдарлары және оның алдын алу жолдары» сынды мәселелер төңірегінде пікір алмастық», – дейді Академиядағы еліміздің тұрақты өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан 2013 жылы тұңғыш рет Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының тұрақты мүшесі болып қабылданған болатын.

1977 жылы негізі қаланған Халықаралық Ислам фиқһы академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фақиһтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми орталығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін кеңесте қазіргі күннің көкейтесті мәселелері кеңінен қаралып, оларға қатысты Ислам ғұламаларының ортақ шешімдері шығып отырады.

www.muftyat.kz