Ағаш мешіті

image004(4)Ағаш мешіт. Бұл ғибадат үйі 1867 жылы ағаштан салынған. Бұған дәлел 1969 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарып тұрған «Советтік шығыс мұсылмандары» журналында Сәкен хазірет «Семипалаттағы мешіттер» деген мақаласында «Семейдегі бұл мешіт 1968 жылы Семейдің 250 жылдық мерекесінен 100 жыл бұрын салынған»,-деп жазған. Осыған қарағанда бұл мешітке 140 жыл толып отыр.

500 адамдық бұл мешіттің мұнарасы – 20 м., күмбезі – 5 м., мешіт іші екі қабат, үш бөлмеден тұрады. Жерінің көлемі – 1188 кв.м. Ғасырдан асқан бұл шежірелі мешіт Семей өңіріндегі тарихи ғимараттардың бірі.