الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

МЕККЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

1eadedc0
ҚАҒБАНЫҢ БҰРЫШТАРЫ
Қағба 4 бұрышты бейнеде болғандықтан, әр бұрыштың өзіне тән атаулары бар.
1. Қара тас бұрышы. Қара тас орналасқандықтан осы атауға ие болған. Бұған қоса – Шығыс бұрышы деп те аталады.
2. Ирак бұрышы. Ирак жақ бетте болғандықтан осы атқа ие. Бұған қоса солтүстік бағыт болғандықтан, солтүстік бұрышы деп те аталады. Қара тас пен Ирак бұрышының араларында: Қағбаның беті, мултәзәм, Қағбаның есігі, Мәғджән және Мақаму Ибраһим, зәмзәм құдығы орналасқан.
3. Шам бұрышы. Шам жақ бетте болғандықтан және батыс жақ бұрышы деп те аталады.Ирак бұрышы мен Шам бұрышы араларында: Хатим және жоғарғы жағында су ағатын құбыр (мизаб) орналасқан.
4. Иемен бұрышы. Иемен жақ бетте болғандықтан осындай атауға ие болған.Шам бұрышы мен Иемен бұрышы аралығы- Қағбаның арқасы саналады.
Қара тас
Қара тас – жәннаттан түскен. Қаншама ғасырлар, оқиғалар өтсе де қазіргі заманымызға дейін сақталған. Қағбаның шығыс жақ бұрышында сүюге ыңғайлы, адам бойы жетерліктей орында орналасқан. Қара тастың жиегі таза күміспен көмкерілген. Хаджар әл-Әсуәттың негізгі ең үлкен бөлігі Қағбаның ішкі жағында.
Қара тас жәннаттан алғашқы түскен кезінде өте нұрлы, аппақ тас болған. Пайғамбарымыз хадисінде: “Сүттен де ақ болған”,– деп айтқан. Басқа риуаятта: “Қардан да аппақ”,– делінген. Қара тас – адам баласының күнә істерінен қарайып кеткен, бірақ толығымен қараймаған. Адам баласына көрініп тұрған жерлері ғана қарайған. Қалған бөліктері аппақ күйінде.
Хаджар әл-әсуад – қара тас күйінде болса да, оның артықшылық қасиеттері өте жоғары.
1. Бұл тасты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз қолымен қойған. Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық келуіне 5 жыл қалғанда, Қағба ескіргендіктен Құрайыш руы қайтадан салуға келіседі. Ортаға адалдан тапқан малдарын жинап, Қағба құрылысын бастап кетеді. Қағбаны салып болып, ендігі кезек Қара тасты орнына қоймақшы болғанда, үлкен тартыс басталады. Әр рудың адамдары өз қолдарымен қоймақшы болады. Тіпті үлкен қан төгіс, шайқасқа ұласуға сәл-ақ қалады. Қағба жұмысы 3 күнге тоқтап, сол кезде үлкен ақсақалдардан саналатын Ибн Мұғира: “Жанжалдасуды қояйық. Менің сөзіме құлақ салыңдар. Кімде-кім мына қақпадан бірінші кіретін болса, бұл істің шешуін соған тапсырып, айтқанына құлақ асайық”,– дейді. Бұған барлығы келісіп: “Есіктен кім кіреді екен?”– деп күтіп тұрғандарында, бұл оқиғадан еш хабары жоқ Мұхаммед (с.ғ.с.) есіктен бірінші болып кіреді. Жұрттың бәрі оны көрген сәтте: “Мұхаммед келді. Ол сенімді. Ешқашан өтірік айтқан емес”,– деп қатты қуанады. Сөйтіп Мұхаммедке (с.ғ.с.) келіскен істерін түсіндіреді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапанын шешіп, үстіне Қара тасты қойып: “Жиналған қабиладан бір кісіден келіп шапанды көтерсін”,– дейді. Шапанды тасымен көтерген соң, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол тасты өз қолымен, Қағбаның бұрышына орналастырады.
2. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Қара тасқа нұрлы жүзін қойып, мүбарак еріндерімен сүйген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұлай істегені – қара тасқа деген құрметін білдіреді.
Абдулла ибн Омар (р.а.) былай риуаят етеді: “Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Қара тасты ұстады, мұнан соң еріндерімен сүйіп тұрып ұзақ жылады. Соңынан бұрылып, хазреті Омарға қарап: “Иә, Омар, бұл орын – көз жасы төгілетін жер”,– деді. Сол себепті мүмкіншілік болса, мұсылмандардың барлығы Қара тасты сүйеді.
3. Қара тас жәннаттан келген. Бұл тасты Ибраһим (ғ.с.) Қағбаны салғанда, өз қолымен шығыс жақ бұрышына орналастырған.
4. Кімде-кім Қара тасты ұстаса, қияметте Қара тас ол адам үшін куәлік етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Қиямет күні – Аллаһ тағала Қара тасқа көретін көз, сөйлейтін тіл беріп, бұрынғы көрінісіне қайтарады. Сонда қара тас Қағбаны зиярат еткен мұсылмандар үшін куәлік етеді”,– деген.
5. Ақырзаман жақындағанда Қара тас жоғары көтеріліп кетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: “Қара тасты сүйіп алыңдар, күндердің бір күнінде адамдар кешкісін Қағбаны тәу етіп Қара тасты сүйеді. Таңертең келіп қараса, Қара тасты орнынан таба алмай қалады. Өйткені, Аллаһ тағала қиямет жақындағанда жәннаттан жерге түсірген нәр-селерін қайтарып алады”,– деді.
6. Сахабалар да Қара тасты сүйген. Хазреті Омар (р.а.) Қара тасты сүйіп: “Әлбетте анық білемін. Сен ешкімге пайда да, зиян да бермейтін тассың. Егер де пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сені сүйгенін көрмегенімде, сүймес едім. Бірақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ілескендіктен сені сүйіп тұрмын”,– дер еді.
7. Қара тас – тәуептің басталуы және аяқталуы белгісін білдіреді. Күші жеткен мұсылмандарға сипау – мустахаб, яғни сауапты істен саналады.
ҚАРА ТАСТЫ СҮЮ ӘДЕПТЕРІ
Қара тасты сүйерде адамдарды кимелеп, итеруден сақ болу керек. Өйткені, Қара тасты сүю – сүннет амалынан. Біреуге зарар, зиян беруден сақтану – уәжіп амалынан болады. Уәжіп амалы – сүннеттен жоғары тұрады.
Адамдарға зарар беру – үлкен күнә. Сол себепті, сүннетті орындаймын деп, үлкен күнәға батып қалуға болмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тәуеп еткенінде бір рет Қара тасты сүйген, екінші рет тәуеп еткенінде Қара тастың жанында көп адамдардың тұрғанын көріп, тек ғана қолын ишара етіп, өтіп кеткен.
Қоштасу қажылығында Пай-ғамбарымыз (с.ғ.с.) Қара тасты сүйді. Ол кезде аз адамдар ғана тұрған еді. Ешкімге кедергі жасамады. Мұнан соң хазреті Омарға (р.а.) бұрылып: “Ей, Омар! Сен күшті жігітсің, Қара тасқа келгеніңде күшке салушы болма, әлсіздерге зиян тигізіп қоюың мүмкін. Егер Қара тастың бос тұрғанын көрсең ғана – оны сүй. Басқа кездерде, тек ғана Аллаһты ұлықтайтын сөздерді айтып өтсең де болады”,– деп ескерткен.
Сол себепті Қара тасты сүю әдептерін әрбір мұсылман жақсы біліп басқаларға жаманшылық істеп қоюдан сақтануы керек.
Әйел кісілер үшін Қара тасты сүюдің қажеті жоқ. Тек көпшілік жоқ уақытында ғана ұстаса болады. Айша (р.а.) анамыз Қара тастың тұсынан өтіп бара жатқанында, кейбір әйелдер: “Ей, мұсылмандардың анасы, Қара тасты ұстамаймыз ба?”– дегендерінде: “Әйел кісілер үшін Қара тасты ұстаудың қажеті жоқ, кеттік”,– деп тұсынан өтіп кеткен.
Сондықтан да, әрбір мұсылман Қара тасты ұстаймын деп кезекке тұрып, тәуеп етушілердің жолына кедергі жасап қоюдан сақ болуы керек. Қара тастың тұсынан өткенінде тоқтамастан: “Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар”,– деп қолын көтеріп өтсе, бұл амалы Қара тасты ұстағаны саналады.
ҚАҒБАНЫҢ ЕСІГІ
Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар Қағбаны салған кезде оған төменгі жағынан екі есік орнатты. Адамдар шығыс жақ есігінен кіріп, батыс жақ есігінен шығатын еді.
Құрайыш руы Қағбаны қайта салған кезде, батыс жақ есікті жауып тастады және шығыс жақ есігінің табалдырығын адам бойынан жоғары етіп қойды. Қағбаға кіретіндер үшін арнайы баспалдақ орнатты. Баспалдақсыз есіктен кіру мүмкін емес еді.
Айша (р.а.) анамыз Пайғамба-рымыздан (с.ғ.с.) сұрады: “Не үшін Қағбаның есігі жоғарыда тұр?” Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Мұны істеген сенің қауымың, яғни Қағбаға қалаған адамын кіргізіп және қаламаған адамдарын кіргізбес үшін жасаған. Егер халықтың көңілдеріне ауыр келмесе, әлбетте мен Қағбаны екі есікті етіп, төмен салдырар едім”,– деді.
Қазіргі уақытта Қағбаның есігі біреу. Бұған қоса Қағбаның ішіне кірген кезде, оң жағында бір есік бар. Ол – “Тәубе” есігі деп аталады. Оның ішінде Қағбаның төбесіне көтерілетін арнайы баспалдақ орналасқан.
Қағбаның арқасындағы есіктің жауып тасталған орны айырықша қараған адамға білініп тұрады.
Амангелді Еренғайыпұлы. ҚМДБ-ның ресми сайтынан алынды.

www.muftyat.kz

 

11783

905828311
d5204d936db2e5df8f78a58f7bcf7248

kaaba_b
mecca-night