الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11
29 июля 2017 | | 00:44

ШҚО Семей аймағына қарасты Тыныбай мешітінің бас имамы

2 390 Рет қаралған

Аманжолов Біржан Аманжолұлы

Снимок
1985 жылы 26 маусымда Семей қаласында дүниеге келген.
1992 – 2000 жылдар аралығында Семей қаласы №42 орта мектебінде оқыды.
2001 – 2003 жылдары  Алматы қаласында Кәркен Ахметов атындағы спорт мектебін тәмәмдады.
2003 – 2007 жылдары Нұр – Мүбарак Египет ислам университетінің Исламтанушы факультетінде оқыды.
2007 – 2013 жылдар аралығында Семей қаласындағы Тыныбай мешітінде найб имам имам қызметін атқарды.
2013 жылдың 27 наурызынан бастап ҚМДБ – ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Тыныбай мешітінің бас имамы болды.
Үйленген 2 баласы бар.

Тінібай мешіті

Оны Уақ болысының старшинасы, дәулетті саудагер, көпес, Тінібай Кәукенов салдырған. Тінібай мен оның баласы меңдібай семейде болған кезде орыс жазушысы Ф. М. Достоевский, прокурор Врангель сынды адамдармен ниеттес болған. Шоқан Уәлихановтың атақты Қашқария сапары кезінде жүргізілген күнделігінде Тінібайдың Қытай еліне дейін сауда жүргізіп, керуен жіберіп отырғаны жайлы жазылған.

1836 жылы Тінібай әскери-губернатордың рұқсатымен Ертістің сол жағалауындағы өз үйі жанына мешіт салдырады.

Тінібай мешіті дінімізге тосқауыл қойылған кеңес заманында да үздіксіз жұмыс істеген бірден-бір мешіт.

Семей қаласы Жамбыл көшесі 48
Мешіт телефоны 42-21-88

image002(93)