الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Мұса пайғамбардың хикаясы

Мұса пайғамбардың хикаясыМұса пайғамбар өз заманында өте кемеңгер, бiлiмдi кiсi болыпты. Бiр күнi ол Аллаһ Тағаладан:

— Менен де бiлiмi асқан құлың бар ма? — деп сұрайды.

Аллаһ Тағала оған:

— Сенен бiлiмдi бiр кiсi бар, — дейдi.

Мұса пайғамбар сол кiсiмен кездесiп, iлiм үйренуге ынтығып, iздеп шығады. Аллаһ нәсiп етiп, екеуi жолығады. Бұл — Қызыр пайғамбар болатын. Мұса (ғ.с.) пайғамбардың тiлегiне ол кiсi қарсылық бiл­дiрiп:

— Менiмен бiрге жүруге шыдай алмассың. Маған серiк болсаң, талай-талай таң­ғажайып iстерге куә боласың. Оның кейбiрi көңiлiңе күдiк ұялатуы мүмкiн.

Сонда сабырсыздық танытып, себебiн сұрап, айтпасам, ренжуiң кәдiк, — дедi.

Бойын бiлiмге деген құштарлық билеген Мұса (ғ.с.) оған:

— Мен не нәрсеге де ұстамдылық танытамын, сiздiң iс-әрекетiңiзге қайшы кел­меймiн деп уәде етемiн, — дедi. Қызыр (ғ.с.) келiсiм берiп, бiр кемеге отырды. Кемешi­лер екеуiнiң иманды жүздерiн, ойлы көзде­рiн көрiп даналықтарын танып, айрықша сый-құрмет көрсетедi.

Кемеден шыққан соң Қызыр (ғ.с.) кеменiң түбiн тесiптi. Кемедегi­лердiң суға батып кетуiнен қауiптенген Мұса пайғамбар уәдесiн ұмытып, наразылық бiл­дiредi. Қызыр оған бұрылып, алдыңғы ес­кертуiн қайталайды. Мұса (ғ.с.) өзiнiң ағаттық жасағанын мойындап кешiрiм сұрапты.

Екеуi кемеден түсiп, жаяу келе жатқанда, жол жағасында ойнап жүрген өте сүй­кiмдi бiр баланы көредi. Қызыр ата әлгi баланы ұстап алды да, аулақтау жерге апарып өлтiрiп тастайды. Мұндай қаталдық Мұсаның жанын түршiктiрiп, қайтадан қарсылық бiлдiруге мәжбүр етедi. Бұл жолы да Қызыр (ғ.с.) онын уәдесiн есiне салады.

— Тағы бiр рет сабырсыздық етсем, ендi менi ертпей-ақ қойыңыз, — дейдi Мұса. Осы шартпен екеуi тағы да сапарын жалғастырады. Едәуiр жер жол жүргенде алдарынан көрiнген бiр ауылға ат басын тiрейдi.

Ол ауылдың халқы жолаушыларға не дәм татырмай, не қоналқы орын бермей қояды екен. Екеуi ауылдан шығып келе жатып, құлағалы тұрған бiр дуалды көредi. Қызыр ата жүгiрiп барып, дуалды бiр нәрсемен тiреп, жөндеуге кiрiседi де ендiгi жерде Мұсаның төзiмi таусылып, ашуға ерiк берiптi:

— Мына iстеп жүргенiңiз не сұмдық?! Бұл әрекеттерiңiз адамгершiлiктiң қандай заңына сыймақ? — дейдi. Қызыр (ғ.с.) Мұсаның шыдай алмай кеткенiне көзi жеткен соң:

— Бiздiң жолымыздың айырылысар тұсы — осы. Бiлгiң келсе айтайын, манағы кеме — теңiзде кәсiп етiп күн көрiп отырған кедей­лердiң кемесi едi, олар арғы бетке өтпек болды.

Арғы бетте кемелердi тартып алатын зорлықшыл патша бар, соған жеткiзбес үшiн кемеге ақау түсiрдiм. Ал бала жайына келсек, оның ата-анасы мұсылман кiсiлер едi, маған ол өскенде ата-анасын азғындық­қа, күпiрлiкке мәжбүр ететiнi белгiлi болды. Сондықтан, оны өлтiргенiмнiң есе­сiне Аллаһ Тағала оларға ниетi түзу, иманды екi ұл сыйлайтын болды.

Құлағалы тұрған үй — осы қаладағы екi жетiм баланың баспанасы едi. Үйдiң астында оларға тиесiлi қазына жатыр. Үй құласа қазынасы көрiнiп қалып, басқалар пайдаланып кетуi мүмкiн. Балалардың ата-аналары жақсы адамдар едi. Аллаһ балалар өскен кезде қазыналарын өздерi тауып алуын бұйырды.

Үйдi жөндеуге кiрiскен себе­бiм осы. Бұл iстердiң бәрiн де өздiгiмнен iс­теген жоқпын. Тәңiрдiң қалағаны болды. Сенiң сабырың жетпеген iстердiң шындығы мiне, осындай, — деп сөзiн аяқтаған соң, Мұсамен хош айтысып, көзден ғайып болыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

gibrat.kz