الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Сүлеймен мен тоты құс

Бір күні Сүлеймен ұшып-қонып жүрген тоты құсты көрді. Ауылдың бар баласы қолына тор алып, оны қуалап жүр екен. Сүлеймен тотыға:
– Әй, Тоты, алысқа ұшып кет. Торға түсіп қаласың, – деді. Тоты:
– Қанаты барды қанаты жоқ қалай ұстайды? Балаларды мазақтап көңіл көтеріп жүрмін, – деді.
Ертесіне тоты торға түсіп қалыпты. Балалар оны ермек етіп ойнап жүр екен. Сүлеймен:
– Тұтылып қалыпсың ғой, – деді мысқылдап. Тоты:
– Ей, Сүлеймен, дүние алма-кезек екен. Кеше далада, бүгін торда. Балалармен кеше мен ойнадым, енді олар мені ойыншық етіп ойнап отыр. Алла көзді байласа шара жоқ екен. Қонар кезде жан-жағым лапылдаған от болып көрінді. Тұзақтан басқа қонатын жерім қалмады. Солай бәлеге шатылдым. Мені сатып алып, босатып жібер, – деді. Сүлеймен:
– Айтқан ақылды алмайтын астамшылға осы дауа. «Көңілі асқақтаған ақымақ ақылды бар деп ойламайды» деген. Кеше тал басында тым астамсып отыр едің. Енді өзің босанып көр, – деп, тотыға қарайласпай кетуге айналды. Сонда Тоты:
– Сүлеймен, ұмыттың ба? Бір кездері сенің де көңілің тасыған. Алла көзіңді байлады. Ібіліс жүзігіңді ұрлады. Сол кезде менің күйімді кешкенсің. Бірақ ұлық Алла сенен теріс айналып безген жоқ. Мейірім-шапағат етіп, құтқарып алды. Тәубаң қабыл болып, тағың да, бағың да қалпына келді. Ұлық Алладан неге үлгі алмайсың? – деді. Сүлеймен ағаттық жасағанын ұқты. Ол құсты балалардан қымбат ақшаға сатып алып, дереу ұшырып жіберді.
«Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан алынған