الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Имам Әбу Ханифа табиғин ба?

 

С: Әбу Ханифа табиғин ба?

Жауап:

Кейбір кітаптарда Әбу Ханифаның сахабалармен жолыққандығы және олардан хадис риуаят еткендігі жазылған. Кейбір қайнаркөз кітаптарда «Әбу Ханифа өзімен замандас ғалымдар яғни Суфиан Саури, Әузағи, Имам Мәлік секілді жолдастарынан табиғин болу құрметімен озып кетті», – делінеді[1].

Тарихи дереккөздерде Әбу Ханифаның ұзақ өмір сүрген сахабалармен жолыққандығы жайлы мәліметтер келтірілген. Мысалы, олардың арасында һижра жыл санауы бойынша 93 жылы дүниеден озған Әнас ибн Мәлік, 87 жылы қайтыс болған Абдуллаһ ибн Ауф, 85  жылы қайтыс болған Уасила ибн Асқия, 88 жылы қайтыс болған Сәхл ибн Сайда және ең соңғы  болып 102 жылы Меккеде көз жұмған Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила секілді сахабалар бар[2]. Міне, осылар секілді ұзақ ғұмыр кешкен сахабалармен жолығуы әбден мүмкін. Бірақ, олардан хадис риуаят етіп-етпегендігі жайлы түрлі пікірлер бар. Ғұламалардың біршамасы Әбу Ханифаның сахабалардан хадис риуаят еткендігін растап, ол хадистерді атап айтқан. Бірақ, хадис ілімінің мамандары бұл риуаяттардың әлсіз екендігін алға тартады.

Енді осы ретте «Әбу Ханифа табиғин бе?» деген сауал туындайды. Ғұламалар «Табиғин» сөзін түсіндіруде түрлі көзқарас білдірген. Кейбір ғұламалар «Табиғин» сөзін  түсіндіргенде, «Сахабамен жолығу жеткіліксіз, онымен  сөйлесіп, одан хадис риуаят еткенде ғана табиғин болады» деп, жолығумен қатар риуаят етуді шарт етіп қосқан. Бұл көзқарасқа сүйенсек, Әбу Ханифа табиғин санатына жатпайды. Ал басқа бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша, сахабаны көрген кісі олардан хадис риуаят етпесе де, табиғин санатына қосылады[3]. Олай болса, осы көзқарасқа орай Әбу Ханифа сахабаны көргендіктен табиғин саналады[4].

Әрине, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаған ізгі ұрпақ табиғин санатына қосылу Әбу Ханифа үшін үлкен мақтаныш болары сөзсіз. Бірақ, оның Имам Ағзам деген абыройға бөленуі тек табиғин болғандығында емес, мұсылман үмбетіне жасаған ұшан теңіз еңбегінің нәтижесінде екенін ескерген жөн.


[1]    әз-Зәхәби, Манақибу Имам Әби Ханифа, 14-бет.

 [2] Мекки, Манақибу Әби Ханифа 1-т., 24-б.; Ибн Хажар Хайсами, Хайратул-хисан,23-б.

 [3]  Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 158-б.

 [4]  Әбу Захра, Әбу Ханифа, 88-б.