الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Имам Әбу Ханифаның еңбектері

Әбу Ханифаның еңбектері:

1. әл-Фиқһул-әкбар

Ең үлкен фиқһ деген мағынаға саятын бұл кітап – әһлу-суннаның ақидасын қамтыған сан салалы еңбек. Осы кітабында төрт халифа тұсындағы шынайы Ислам рухын көрсете білгендіктен, Имам Ағзамды мужәддид деген ғалымдар да болған.

2. әл-Фиқһул-әбсат

Әбу Ханифаның өз кіндігінен тараған ұлы Хаммад, шәкірттері Әбу Юсуф пен Әбул-Мутғи әл-Хәкәмның риуаяттарымен жеткен ақидаға қатысты кітап.

3.   әл-Алим уәл-мутааллим

Әһлу-сунна ақидасын түсіндіріп, қорғау мақсатында сұрақ-жауап түрінде жазылған кітап. Оны шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди жеткізген.

4.   әр-Рисәлә

Әбу Ханифа Басраның қазысы Осман әл-Баттиға арнап жазған бұл шығармасында ақидаға қатысты мәселелерде өзіне айтылған сыни пікірлерге жауап берген.

5. әл-Уәсия

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа, шәкірттері Әбу Юсуф (ө 182/793) және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти мен достарына арнап жазған рисәлалары (шағын кітапшалар) бар[1].

6. Муснәду-Әби Ханифа

Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады.

7.   әл-Қасида әл Кәфия ән-Нұғмания фи мәдхин-Нәби

Пайғамбарымызға арналып жазылған мадақ жыры.

8.   Мужәдәлә ли әхәдид-Дәхриин

Дәхри, яғни, құдайдың бар екенін мойындамайтын атеистпен пікірталасын қамтыған кітапша[2].


[1] Осылардың ішінде «әл-Уасия» қазақ тіліне аударылды. Қараңыз: Қ. Жұмағұлов // Имам Әбу Ханифаның өсиеті, Ислам және өркениет газеті, №10 (226), 1-10 сәуір, 2011, 6-б.; Ақидаға қатысты кітаптары мен қолжазба нұсқаларына қатысты кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде Ахмет Эфенди, Имам-ы азм Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, баспаға дайындап аударған І. Челеби, Стамбул, 2000, 26-34-б.

 [2] Кітаптарының мазмұнына қатысты кең көлемді мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде, Имамы Азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, 25-37; Сахабеден гүнүмүзе Аллаһ достлары, 4-т., 302-307-б.