الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

 ҚМДБ өкілдері Өскеменде «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады (ФОТО)

 

Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларға жиналған ҚМДБ бөлім басшылары мен өкіл имамдар Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында драматург Д.Рамазанның «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады.

Ұлт тарихының өрнекті кезеңдерін театр актерлері барынша шынайы жеткізе білген тарихи қойылымды ықыласпен көріп, Қазақ хандығының алғашқы құрылу себептеріне куә болды.

«Біздің тарихымыз -  ұлы тарих. Ата-бабаларымыз ұрпақ үшін жан ямай осындай ұлы далаға Қазақ мемлекетін құрып берді. Мемлекетіміздің туын биікке көтеріп, Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясына топтасуымыз керек. Ұлтымыздың тарихын баяндайтын осындай тарихи қойылымдар санамызға ұлт тарихын жаңғыртады», — деп атап өтті шараны ұйымдасырып отырған ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы  Ермек қажы Қасболатұлы.

Қойлым соңынан ҚМДБ өкілдері осы театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Сахан Әкелеевпен «Керей-Жәнібек» драмасынан алған әсерлерімен бөлісіп, театр ұжымына сәттілік тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі