№6 мектептегі кездесу

Аягөз қаласындағы №6 орта мектепте «Деструктивті ағымдардың қоғамға зияны» атты тақырыпта 9 класс оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы мүшелері және теолог қатысты. Проектордан жат ағым жайлы бейнеролик көрсетілді. Жастар орталығы мүшелері ағымдар жайлы парақшалар таратты. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы кереғар ағымдар жайлы, сақтанудың жолдары жайында насихат айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі