الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Алаш ордасының құрылуына 100 жыл» толуына байланысты Шағын футболдан жарыс өтті

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйымдастыруымен «Алаш ордасының құрылуына 100 жыл» толуына байланысты қалалық мешіт имамдарымен жамағаттар арасында  Шағын футболдан жарыс өтті.

Мешіт имамдары ақ сәлде, ақ шапандарын спорттық киімге ауыстырып, тұтас бір күнін футбол алаңында өткізді. Дін қызметкерлерінің көркем уағыздарын тыңдап, иман байлығын жиып жүрген жамағаттарымызды бұл жолы мешіттен емес, «Жастар» спорттық кешенінен  кездестірдік. Қала, аудан, ауылдардан жиналаған қатысушыларымыз 11 командаға бөлініп, қызу ойын жүргізіп, асыл дініміз бен қатар  спорттық ойындарды кеңінен дәріптеді.

Көш бастаған Семей қалалық  «Тыныбай» мешітінің командасы футбол кубогына иелік етіп, 1-орынмен жеңіс тұғырынан көрінді. Семей қалалық «Бұйғылы» мешітінің командасы  2-орынға жайғасса, Мешіт жамағаттар командасы 3-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіштермен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Ең көп гол соққан» деген номинациялармен қатысушыларға Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  марапаттады.

Осылайша кейінгіге үлгі-өнеге болған дүбірлі дода өз мәресіне жетіп, ойын мақсаты анықталды. Ал, өз командаларына жақтасқан жанкүйерлер тарапы тартысты ойынды тамашалап, әсерлі  ойынның куәсі болды.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

«Суреттерді толығырақ фотогалереядан көре аласыздар»

wpauwxidx5g

_dsc0389

_dsc0370

_dsc0345

_dsc0314