الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Алматы да «Ел жүрегі – Астана!» атты спорттық шара өтеді

 

Шілденің 7-і күні «Нұр-Мубарак» ислам мәдениті университетінде Астана күніне арналған «Ел жүрегі – Астана!»атты бұқаралық мәдени және спорттық шара  өтеді.

Аталмыш шара қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін елге танытып, дәріптеу, халқымыздың бірлігі  мен  ынтымағын  насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Мереке аясында,«Асыл мұра» бірегей бағдарламасын біріктіретін кешенді мәдени-сауықтандыру және спорттық шаралар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйламақ.

Алматы қаласының  тұрғындары мен қонақтары ұлттық спорт түрлері қазақ күресі, асық ату, гір көтеру, бағанаға шығу, ләңгі тебуге қатысып, бақ сынауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, көрермендер«Алашұлы» тобының орындауындағы ұлттық әндерін, «Домбыра» ансамблінің ұлттық аспаптардағы  туындыларын тыңдап, тамашалай алады.

Мереке қонақтары үшін арнайы киіз үйлер, батут қалашығы, ойын алаңдары, балаларға арналған түрлі сайыстар, сондай-ақ, тегін тәтті тағамдар мен сусындар болады.

Спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өткізілу орны: Нұр Мубарак, Әл-Фараби, 73

Уақыты: 14:00

Қосымша ақпарат: 8 747 304 67 97 Досжан Қаматай

www.muftyat.kz