Алматы қаласы өкілдігінің Аягөзге қайырымдылығы жаңалықтар

Құптан намазындағы уағыз

Аягөз қалалық мешітінде Алматы қалалық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев екінші күн құптан намазы алдында «Жақсылыққа жарысайық» атты тақырыпта уағыз – насихат айтты.

 

Алматы қаласы мешіттері ақдастархан жайды

  Аягөз қалалық мешіті жаныдағы хатымханада су тасқынынан зардап шеккен көпшілікке ақдастархан жайылып, тағам берілді. Алматы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев өкілдік сәлемін жеткізіп, мұсылманның қорғаны болған сабыр мен дұға жайлы насихат айтты. Зардап шеккендерге дорбаларға салынған азық – түлікпен бірге, балаларға тәттілер таратылды. Көпшілік Алматы облысы мешіттерінің қайырымдылығына разылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

 

Алматы қаласы өкілдігінің Аягөзге қайырымдылығы

 Аягөз қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге Алматы қаласы және Алматы облысы өкілдігінен келген қайырымдылық керуені қаладағы «Жаңауыл» мешіті ауласында 500 – ден астам көпшілікке азық – түлік салынған дорбалар таратып көмегін көрсетті.  Алматы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев бастаған мешіт қызметкерлері жүрек жарды пейілдерімен, насихат айтып, әр істің қайыры болатынын  жеткізіп, Алладан жақсылық тіледі. Көмек алған ағайындар Алматы жұртшылығына алғыстарын жолдады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі