الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді.        

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

-    Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

-    үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1 орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
—     толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
—     үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
—     үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
—     үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Ахметов

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

ДЕРЕККӨЗІAzan.kzИслам ақпараттық-ағарту порталы