الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«АРАЙ – EAST FOOD» шұжығына кезекті тексеріс жұмысы жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында орналасқан «АРАЙ – EAST FOOD» сауда белгісімен өндіретін кәсіпорын шұжығы зертханалық тексерістен өткізіліп, нәтижесі оңынан болды. Естеріңізге салсақ, қазір “Халал Даму” ЖШС-ның жұмысшы тобы кеңесінің шешімімен сертификатталған кәсіпорындардың өнімдерін қайтадан зертханалық сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Кезекті зертханалық сараптама «АРАЙ – EAST FOOD» мекемесіне жүргізілді.

Аталмыш мекеме өнімдері “АСТАНА”, “ВОСТОЧНЫЕ СКАЗКИ”, “ДЕЛИКАТЕСНАЯ”, “ПОЛУКОПЧЕНЫЕ КОЛБАСЫ”, “МУСУЛЬМАНСКАЯ”, “БАТЫР”, “РАМАЗАН”, “САРДЕЛЬКИ ГОВЯЖЬИ”, “СОСИСКИ МУСУЛЬМАНСКИЕ”, “САРДЕЛЬКИ СОЧНЫЕ” сауда белгісімен танымал. Сонымен қатар, айына 40 тонна өнім өндіретін “АРАЙ” шұжығы Алматы, Астана, Өскемен, Аягөз және т.б. қалаларда кеңінен таралуда. Толық ақпарат http://aray-semey.kz/ сайтында.

Алдағы уақытта қалған шұжық өнімдерінің зертханалық нәтижесінің қорытындысын жариялайтын боламыз.

 

ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі