الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Ардагерлерге құрмет

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар секторы»-ның ұйымдастыруымен Жеңіс күніне орай Семей қаласының «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Гүл шоқтары ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды.

 Іс-шара мақсаты Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіру. Жас шәкірттерді адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Жастарды Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту.

  Сондай ардагерлердің бірі Семей қаласының тұрғыны 95 жастағы Оразбайұлы Атамбай ақсақалды және Галиқызы Макен әжені сауат-ашу курсының шәкірттері Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлымен  бірге үйіне барып құттықтады. Ардагер ақсақал «100 ші атқыш батальонда» батыр қызымыз Мәншүк Мәметовамен бірге шайқасқанын айтып, сұрапыл соғыста бастан кешкендерін әңгімеледі. Ұрпақтарына батасын беріп, алғысын білдірді.

Келесі кезекте 88 жастағы Ардагер Хусайнқызы Нағима әжеміздің үйінде болып қайтты.  Жеңіс күнімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Ардагер  Әже ақ батасын беріп, елеп ескеріп келгендері үшін алғысын білдірді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.