الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Арыс оқиғасы: Әйелді арқасын төсеп, көлікке мінгізген әскери желіде танымал болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Төтенше жағдайлар комитеті әлеуметтік желіге тарап кеткен суретке түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фотода Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабахан, Бексұлтан Ибадулла, Үсен  Қазыбек, Эльдар Қырықбаев әйел адамның машинаға мінуіне көмектесіп жатыр. Сурет кейіпкері эвакуация бекетіне аман жетті», -  делінген ақпаратта.

«Инстаграм» әлеуметтік желісінде тараған фотоға 1 мыңнан астам оң комментарий жазылып, 56 мың адам «ұнату» басқан болатын.

Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 350 адамның жоғалып кеткені туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімет берген болатын.  Бұан дейін Арысты қалпына келтіруге Үкімет резервінен қаржы бөлінетіні хабарланды.  Сондай-ақ, бүгін Арыс тұрғындарын қайта құжаттандыру басталды.

https://www.inform.kz/kz/arys-okigasy-ayeldi-arkasyn-tosep-kolikke-mingizgen-askeri-zhelide-tanymal-boldy_