الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

#АрысБізБіргеміз. Қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар

#АрысБізБіргеміз. Қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арысқа қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар. Бұл туралы «Республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев айтты.
«Арыстағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға өз қолдауымызды білдіреміз. Қазақстан жастары студенттері сіздермен бірге деп айтқым келеді. Қазақстан студенттерінің альянсы республикалық болғандықтан, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында штабымыз бар. Бізде Арыс қаласында екі колледж орналасқан. Сол жерде 800-ден астам студентіміз оқиды. Штаб мүшелері оқиға болған күні бірден көмек көрсетуге кірісіп кетті. Еріктілер тобы құрылды, олар Арыс тұрғындарын басқа жерлерге көшіруге көмектесті. Аймақтағы штабымыз ғана емес, жалпы республика бойынша мүшелеріміз атсалысып жатыр. Мысалы, кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарымен шұғыл жиын өтті. Содан кейін Жастар сарайында Арысқа жөнелтетін гуманитарлық және материалдық көмек орталығы ашылды», — дейді Ілияс Түстікбаев. 

Оның айтуынша, студенттердің арасында қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар.

«Елорда студенттері мен жастары қан тапсырып жатыр. Қан тапсырған адамға 600 теңге төлейді. Сол ақшаны алып, көмек қорларының ресми есептеріне аударды. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері 13 млн теңге аударды және 3 жатаxқанаға 500 адамды орналастырды. Елордадағы бірнеше жоғары оқу орнының қызметкерлері де бір күндік жалақыларын Арысқа көмек ретінде беріп жатыр. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры жатақxанаға 1000 адамды қабылдауға дайын екенін айтты», — дейді ол.

Бек ТӨЛЕУОВ
Фото: дереккөз