Әскери борышын өтеушілерге жат ағымдар жайында түсіндірілді

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің найб имамы Баешов Бекзат  Семей қаласындағы №5511 Әскери бөлімінде болып, әскери борышын өтеушілерге қоғамдағы жат ағымдар мәселесін түсіндірді. Жиынға екі жүзден астам тыңдарман қатысты. Ұтымды сәтті пайдаланған жастар мамандарға мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды. Ортада айтылған сауалдардың бірі адасқандарды ажыратудың жолы турасында болды. Бұған Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің найб имамы Баешов Бекзат  «Қазіргі адасқандар арасында белгілі бір себептермен сақалын алып, балағын ұзартып жүргендер бар. Сондықтан оларды ажыратудың бірден бір жолы «Алла қайда?» деп сұрақ қойғанда «Аспанда» деп жауап береді»,-деп Ислам атын жамылып жүрген теріс діни ағымдардың бірден бір сипатын баяндап берді.

Кездесу соңында қатысушылардың назарына «джихад» деп жолдан тайғандардың теріс ұстанымын ашықтайтын «Вербовка в никуда» атты бейне ролигі ұсынылды.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.