Астана қаласы «Шанхай» базарынан келген көмек.

Аягөз қаласында су тасқыннан болған жағдайға Астана қаласы, «Шанхай» базары кәсіпкерлері атынан «Елі бірдің тілеуі бір» атты қайырымдылық керуені келіп жетті. Мешіт жанындағы хатымханада зардап шеккендерге ыстық тамақ беріп, «Шанхай» базары аманатын жеткізушілер жылы лебіздерін білдірді. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы көпшілік атынан көмек берушілерге алғыс білдіріп, құран оқып, ел – жұрт амандығын тілеп дұға жасады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.