الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Астана мейірімді қала — Қайырымдылық керуені келіп жетті жаңалықтар

Астана қаласы қайырымдылығы таратылды

ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені әкелген азық – түлік көпшілікке таратылып берілді. Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Жастар бөлімі», «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге жылы лебіздерін білдіріп, Астана аманатын көпшілікке тапсырды.

 

Астана мейірімді қала —

Қайырымдылық керуені келіп жетті

 Аягөз қаласына еліміздің бас қаласы Астанадан «Астана мейірімді қала» — қайырымдылық керуені келіп жетті. «Нұр – Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 16 тоннаға жуық азық – түлік, киім – кешек және тағы да басқа қажетті дүниелер қамтылған. «Нұр – Астана» мешітінің наиб имамы Ербол Абдуахитұлы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына «Нұр – Астана» мешіті имамдарымен жамағаттың сәлемін жеткізіп, қайырымдылық заттарымен азық – түлікті таратып берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі