الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Астанада құснихат көрмесі өтті

dd63a6d55b23907fde4e7da7688ce119_lАстана. 18 шілде. KAZISLAM – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Құран аяттары мен көркем сөздер жазылған құснихат көрмесі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құштармын сұлу хатқа жаным тұнып, Хаткерге ішім жылыр, ділім еріп, Дәриға-ай, содан артық ләззат бар ма, Хош хатпен жазсаң сөзден гауһар теріп», — деп Әсет Найманбайұлы жырлағандай асыл сөзді қылқаламмен құбылтып, жазудан оюлы өрнек сала білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жазуды жақұтша жарқырататын сурет өнерінің бұл саласы Ислам мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегі. Тарихқа көз жүгіртек, құснихат өнерінің Қазақстанға XV ғасырда, шамамен Әмір Темір билігінің тұсында Самарқанд пен Бұқара арқылы Ираннан келгенін білеміз. Яғни, Түркістан шаһарындағы және еліміздің батыс өңірінде сақталған көне нысандардан осы көркем жазуды көбірек байқаймыз. Зерттеушілердің айтуынша, 3800 жылдай уақыт бұрын негізі қаланған бұл өнердің алғаш қалыптасқан тұста үш жүзге тарта нұсқасы болыпты.

99898-2
«Құснихат» – сұлулық, әдемілік, көркемдік деген мағынаны беретін араб тіліндегі «хұсн» сөзінен енген. Ол араб әріптерімен жазылатын, меңгерілуі қиын, жазуды нақыштау мақсатымен мешіттерде, Құран және діни кітаптарда қолданылатын белгілі ережелері бар бейнелеу өнерінің бір түрі. Ал, каллиграфия болса латын әріптермен көркем жазу өнері болмақ. Еліміздің бас қаласында өткен бүгінгі көрмеге құснихаттың ең айшықты 7 жазу үлгісінде жазылған 30 шығарма қойылды. Олардың барлығы Ислам конференциясы ұйымына кіретін Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы (ИТӨМҒО) 1986 жылдан бері үш жыл сайын ұйымдастырған халықаралық құснихат сайыстары жеңімпаздарының таңдаулы туындылары екен. «Біздің ұйым бұндай көрмені Қазақстанда тұңғыш рет өткізіп отыр. Біз осы жолы 30 шығарманы алып келдік. Олардың барлығы біз өткізген халықаралық сайыстардың жеңімпаздарының еңбектері», — деді ИТӨМҒО бас директоры Ерен Халит.

99898-4
Шетелдік ғалым Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының тек Қазақ елі үшін ғана емес, Орта Азиядағы барлық түркі елдері үшін маңызды екендігін айта келіп, құснихат өнерін осы топырақта жаңғыртудың ұлт жоспарына қосқан туысқандық үлес екендігін айтты. «Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы осы аймақтағы барша түркі жұртшылығы үшін маңызды. Бізде: «Құран Кәрім Меккеде түсірілді, Каирде оқылды, Ыстамбұл қаласында жазылды» деген сөз бар. Яғни, ең көркем жазулар Осман империясы кезінде жарыққа шықты. Қазақстанда да әлемге мәшһүр хат ұсталары болған. Біздің бұл іс-шарамыз солардың мұрасын қайта жаңғырту болмақ. Осы мақсатқа жету үшін біз Ұлттық академиялық кітапханамен бірқатар келісім-шарттар жасаспақпыз. Осы кітапханадан ИТӨМҒО-ның филиалын ашу да ойымызда бар», — деді Ерен Халит мырза.

99898-6
Көрме соңында ИТӨМҒО бас директоры Ерен Халит Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұналбаеваға «Орталық Азиядағы Ислам мәдениеті» деген ежелгі кітапты табыстады және көрмені таныстырды.

http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/14237-astanada-k-snikhat-kormesi-otti