الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аудан тұрғындарымен кездесу өтті

Жарма аудандық жастар үйінде аудандық ІІБ — нің ұйымдастыруымен ішкілікке, нашақорлыққа салынған азаматтармен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық мешіттің наиб имамы Абдилсамет Тойқылды, аудандық аурухананың психолог  маманы Сактамбаева Айман, Жарма аудандық №1 Полиция қызметінің бастығы әділет капитаны Ансабаев Ардақ қатысты. Алғашқы болып сөз кезегін алған наиб имам арақ пен нашақорлықтың зияны, арақтың дінімізде тыйым салынуына байланысты сахабалардың уақиғаларын, Құран аяттарының кезең -кезеңімен түсуі, Пайғамбарымыздың хадистерімен дәлел көрсетіп, арақтың отбасына, қоғамға, ағайын-туыс арасын алшақтатып бір отбасын құрдымға жіберетін аса зияны зор екенін түсіндірді. Кездесу соңында тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Жарма аудандық баспасөз қызметі.