Аягөз аудан әкімшілігіндегі дөңгелек стол

Аягөз аудандық әкімшілігінің кіші залында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауданға қарасты мешіттердің имам – молдаларымен дөңгелек столда, ашық әңгіме жүргізді. Ділдәбек Тәжібайұлы қызметке келгелі көптен ойында жүрген, имандылық айнасы имам – молдалармен басқосып, еліміздегі діни ахуалға деген ойын өрбітті. Өз кезегінде сөз алған орталық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы аудандағы мешіттердің атқарып жатқан істеріне қысқаша тоқталып, мешіттердің өзекті мәселелерін сөз етті. Соның ішінде имам – молдалардың айлық – жалақы алмайтындығы туралы, мешіттердің құжаттандырылуы, мешіттердің қысқы жылытылуымен  қатар, салық бөліміне төленетін, тоқсандық, жылдық форма салығы мәселелерін айтып өтті. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы бірнеше ауыл имам – молдаларына алғыс хатпен сыйлықтар табыстап, мешіттің айтылған мәселелеріне қолдан келетін көмегін көрсететіндігін атап өтті. Ауыл имам – молдалары аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі