Аягөз аудандық спорт мектебін бітірушілерге бас имамның құттықтауы.

Аягөз аудандық спорт мектебін бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиында спорт саласына демеушілік көрсеткені үшін орталық мешіттің бас имамы аудан әкімі алғыс хатымен марапатталды. Бас имам түлектерге болашақта ойлаған арман – мақсаттарының орындалуын, еліміздің спорт саласында атын шығарып, көк байрағымызды желбіретулерін тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.