الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Аягөз қалалық лицейдегі кездесу

Аягөз қаласындағы қалалық лицейде 5 – 8 класс оқушылары қатысуымен өзін — өзі тану пәні бойынша «Мейірімділік – жақсылықтың бастауы» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы сонымен қатар аудандық жастар орталығының директоры Ибраев Саят қатысты. Бас имам дініміздегі мейірімділіктің орыны жайлы насихат айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастар орталығының директоры Саят мырза мейірімділік жайлы бейне ролик көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.