Аягөз қалалық мешіті жанынан қосымша ғимарат ашылды

Аягөз қалалық мешіті жанынан қасиетті айт мейрамы күні Искаковтар әулеті өз қаражаттарына салған қосымша ғимараттың салтанаты ашылуы болды. Аудан әкімі Бақытжан Кәкенғажыұлы көпшілікті қасиетті айт мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Мешіт ақсақалдарымен қажылар бата беріп, демеуші әулетке алғыстарын білдірді. Искаковтар әулетінің үлкені Қайыркен қажыға алғыс хат табыс етіліп, иығына шапан жабылды, астына ақкілем жабылған ат мінгізілді. Жаңа ғимараттың салтанатты лентасы қыйылып, ақжаулықты аналар шашу шашты. Жиылған жамағат қуанышпен ғимаратты аралап тамашалады. Аудан имамы Думан Нәдірұлы дүниеден өткендерге құран бағыштады. Қосымша ғимаратта бас имам бөлмесі, наиб имам бөлмелері, құран оқитын, неке қиятын, есепші бөлмелерімен қатар әжетхана жуынатын орындар қамтылған. Мешіттің жертөлесіндегі бұрынғы имамдар бөлмелерінің қабырғалары алынып, алдағы уақытта намазхана залы болып кеңейтілмек.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

ті.