Аягөз қалалық мешіті жанындағы жастар бөлімінің асары.

Қыстың қытымыр аязы көпшілікті әуре сарсаңға салып, Аягөз қаласындағы көшелерде ағып жатқан бұлақтар көтеріліп, бірнеше үйлердің қора – жайына жайылып кетті. Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері Амангелді көшесіндегі қатып қалған бұлақ суларын ойып, мұздан тазартты. Көмек жасалынған көше тұрғындары мешіттің жастар бөліміне алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметі.