Аягөз қалалық мешітіндегі Құран жарысы

Аягөз қалалық мешітінде жазғы сауат ашу орталығында дәріс алушы шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығы, «Жаңауыл» мешіті және «Қазығұл ата» мешіті шәкірттері жаттаған сүрелерінен бақтарын сынады. Құран жарысына Ақшатау ауылының тумасы, Алматы қаласында тұратын азамат демеуші болып, сыйлықтармен марапат қағаздарын табыс етті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.