Аягөз қалалық мешітіндегі «Мектепке жол» акциясы фото

Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы арқылы 110 бала мектеп құралдары салынған сумканы алып қуанды. Сонымен бірге әрбалаға тәттілермен балмұздақ үлестірілді. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы: «Жылдағы үрдіспен ҚМДБ тарапынан осындай қайырымдылық акцияларына мешіттердің үлестерін қосуды жүктеген тапсырмасына орай, Аягөз қалалық мешітіде демеушілер арқылы атсалысып, бүгін міне балаларымыз қуанып, білім күніне даярлануда. Балаларымыз білімдіде, білікті, иманды, елімен жұртына пайдасы тиетін ұрпақтардан болғай. Осыған үлес қосқан әрбір демеуші, жанашыр азаматтарға Алла разы болсын» – деп ізгі ниетін білдірді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.