Аягөз қалалық мешітіндегі Рамазан айына байланысты жиын.

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам – молдалары қатысқан қасиетті Рамазан айына байланысты жиын өтті. Аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы ҚМДБ тарапынан бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің үндеуімен қатар, Рамазан айына байланысты берілген тапсырмаларды баяндады. Жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныс пікірлерін, бірлесіп атқарар істерін ортаға салып, халыққа жеткізер насихат негіздері жайлы айтып өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.