Аягөз қаласы жастар аралық футболы

Аягөз қаласы жастары арасында ішкі саясат бөлімімен орталық мешіт бірлесе отырып, «Салауатты өмір салты – жастар ұстанымы» атты футболдан жарыс өткізді. Он төрт команда қатысқан жарыста І – орын «Жұлдыз» командасы, ІІ – орын «Алтыбақан» командасы, ІІІ – орын «Шығыс» командасы иеленді. Командаларға кубок пен медаль табыс етілді. Алдағы уақыттарда жарыс жалғасын таппақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі