Аягөз қаласындағы №54835 әскери бөлімдегі кездесу.

Аягөз қаласындағы №54835 әскери әуежай сарбаздарымен «Дәстүр және тағылым» атты тақырыпта кездесу өтті. Осы жиынға Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ақпаратты түсіндіру тобы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты: дініміздегі қазіргі қоғамға керекті өзекті мәселелермен қатар бабалар салған сара жолдан тағылым алып, отан тыныштығына әрбір азаматтың қосар үлесімен ұрпаққа берер тәрбиесі, ел – жер амандығы қамтылды. Жиынға қатысушы мамандарға сарбаздар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.